Жамбылда мүгедектер тиісті құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі
Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 45 326 мүмкіндігі шектеуліазамат бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар — 4164, 2-ші топтағылар — 18535,3 топтағылар — 16342 адам.
Олардың 6285-і 18 жасқа толмағандар. Ағымдағы жылымүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы бізге Жамбыл облысы әкімдігініңжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысыНұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлы айтып берді, — деп хабарлайды Tarazy.kz
Бұл ретте биыл Жамбыл облысында 545 мүмкіндігі шектеуліадамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр екен.
Әулиеатада әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 5655мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-720, тифло-880, кресло-қорап-617,емдеу-сауықтыру-2138 және протез-ортопедия — 1300) қамтамасыз ету жоспарланыпотыр.Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 1229,2 миллион теңгеге 8317 мүгедекәлеуметтік көмекпен қамтылуда(гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы менжеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет). 5 медициналық-әлеуметтікмекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1127 адам 8 бағыт бойынша арнаулыәлеуметтік қызметтермен қамтылған. Ал, жартылай стационарлық жағдайдамүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарында 217адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан әлеуметтік жоба арқылыұсынылатын үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметкөрсету үшін 282,8 миллион теңге бөлініп, 1323 мүгедекке жартылай стационар менүй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жоспарлануда. Сонымен қатар,облыс көлемінде 2301 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимылаппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметікөрсетілуде7
Биыл облыс көлемінде 115 инфрақұрылым нысандарын бейімдеужоспарланған екен. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 18,1 миллион теңгеқаражат бөлінген. Бұл ретте бүгінгі күнге тиісті бейімдеу жұмыстарын жүргізужоспарлануда. Биыл соған сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтужоспары дайындалып, 545 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Басқарма басшысы Тимур Бидайбекұлы «Е-Халық» ақпараттықжүйесі бойынша да атқарылып жатқан жұмыстарға тиісінше мән беріліп, бұл реттеЖамбыл облысы бойынша жеке тұлғаның мемлекеттік деректер қорында 1,19 миллионадам тіркеуде тұрған болса, солардың арасынан 1-ші шілдеге дейінгі аралықта«Е-халық» ақпараттық жүйеге енгізілген 349 655 отбасының 1 195 178 адам, яғни100 пайызды құрап, мерзімінде аяқталғанын алға тартты.
Фото: almaty-akshamy.kz