Жамбылдағы елді мекендердің 48 пайызы газдандырылған
Биыл Жамбылоблысында 53 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 81 мыңнан аса тұрғынғатаза ауызсуды тұтынуға мүмкіндік туды.
Жалпы,өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған. Бұған дейін облыс бойынша841 мың халықтың 53 мыңы ауылішілік газ құбыры бола тұра, газға қосылмағандығыанықталған болатын. Бұл мәселені түпкілікті шешудің жолын іздеген жамбылдықшенділер ауыл тұрғындарына төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы баркәсіпорындарды қарастырып, нәтижесінде 53 мың адам газбен қамтылған.
Соныменқатар, Тараз қаласына көршілес аудандардан жаңадан қосылған 35 алқаптагаздандыру шаралары атқарылып жатыр. Олар – Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад,Казарма, Жиделі, Шөлдала, «Шалғай Қарасу» елді-мекендері және 28 саяжай бар.Жыл соңына дейін оның он бір елді мекені көгілдір отынға қосылады деп күтіліпотыр.
Ал,облыстағы 377 елді мекеннің 205-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғандесек, зерделеу барысында ол жерлерде тұрып жатқан 130 мың халық су құбыры болатұра, таза ауыз суға қосылмағандығы белгілі болған. Бұл бағытта нақты шараларқабылданып, бүгінге дейін оның 82 мыңға жуық тұрғыны таза ауыз суды тұтынуғамүмкіндік алған. Жыл соңына дейін таза ауызсу тұтынатындардың қатары тағы датолыға түсіп, осы орайда тағы 23 мың халық қосылады деп күтілуде. Бұған қоса, облысбойынша 16 елді мекенге су құбырлары тартылған болса, оның сегіз жобасы жылсоңына дейін іске қосылмақ. Ал 2020-шы жылы өңірдегі он бір елді мекенге суқұбырлары жүргізіледі деп жоспарлануда екен. Қосымша бірыңғай оператор арқылыоблыстық бюджет есебінен халық саны 200-ге дейінгі 49 елді мекенді ауыз суменқамту көзделуде.
Бұлретте келер жылдан басталатын «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында да бірқатартүйіні тарқатылмай келген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізу қарастырылып отырекен.
Соныменқатар, Жамбыл облысында бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы регламентқабылданып, онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстыңпараметрлеріне қатысты талаптар бекітіліп отыр. Соның нәтижесінде, жергіліктішенділер 134 жобаның құнын оңтайландырып, 11 миллиард теңгені үнемдегендерінайтады.