Оқиғалар

Жаңа кітаптар оқырманға жол тартты: қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзекті тақырыптар талқыланды

Алматыда Wik House баспасының ұйымдастыруымен жазушылар Әлішер Рахат пен Есбол Нұрахметтің оқырмандармен шығармашылық кездесуі өтті.

1

Іс-шара барысында авторлардың 2026 жылы жарық көрген жаңа еңбектері таныстырылып, қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзекті тақырыптар мен қоғамдағы әлеуметтік мәселелер кеңінен сөз болды.

Кездесу аясында Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке. Хоррор» романы оқырман назарына ұсынылды. Шығармада адамның ішкі күйзелісі, қоғамдағы жалғыздық, махаббат пен өмірдің мәнін іздеу тақырыптары көркем тілмен өріліп, психологиялық және мистикалық элементтер арқылы баяндалады.

1

Сонымен қатар, Есбол Нұрахметтің 2026 жылы жарық көрген, шынайы оқиғаларға негізделген деректі романы таныстырылды. Кітапта хақ жолды іздеп, жат ағымдардың ықпалына еріп шетел асқан қазақ қыздарының тағдыры, олардың отбасы бастан өткерген қиындықтары мен радикалды идеологияның зардаптары көркем-публицистикалық тұрғыда суреттеледі.

Кездесу барысында авторлар шығармалардың жазылу тарихы туралы айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы, жаңа жанрлардың қалыптасуы және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды көркем шығарма арқылы көтерудің маңыздылығы талқыланды.

Осындай әдеби кездесулер қаламгер мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, кітап оқу мәдениетін дәріптеуге, сондай-ақ қазіргі қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Тегтер: кітап
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз