Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:23, 22 Мамыр 2024

Жаңа туған нәрестені тастап кеткенін хабарламағандар жазаланады

с
Фото: из открытых источников

ҚР Мәжілісі жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері әкімшілік жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Сонымен қатар, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске де өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні айтылған.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар балаларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады, делінген хабарламада.

Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады.

Фото: pixabay

Тегтер: