Жаңаөзендегі митинг: Айқаймен ештеңе шешілмейді (видео)
Бүгін Жаңаөзенқаласына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰРЫМОВ келді. Ол кешеден бері қытайлықкомпаниялардың Қазақстанға кіруіне қарсы наразылық танытып жатқан көпшілікпен кездесті.
Бұл туралы «Жас АЛАШ»хабарлайды.
Кеше қала әкімдігіалдына жүзге жуық адам жиналып, Қазақстанның Қытаймен бірігіп 55 зауыт салутуралы шешіміне қарсылық білдірген-ді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ11-12 қыркүйек күндері Қытайға жоспарланған ресми сапарынан бас тартуды да талапеткен.
Облыс басшысыСерікбай Тұрымов Маңғыстау облысының экономикасы мұнай мен газға ғана қарап тұрдейді. Сондықтан экономикамызды әр тараптандыруымыз керек деп бастады сөзін.
«55 қытай зауыты кіретін бізде мемлекеттік бағдарламажоқ. Зауыт салуға рұқсат берілген жоқ. Бізге өнім өндеу керек. Бірақ Қытай емес.Ресей, АҚШ, Иран басқа да елдермен қарым-қатынасымыз бар. Қазақстан өзімен-өзідами алмайды. Басқа елдермен жан-жақты қарым-қатыста дамиды. 55 зауыт бұл жергесалынбайды. Айқаймен ешнәрсе шешілмейді. Барлығы ақылмен шешілу керек. Басқаталаптарыңыз болса қағазға түсіріп маған беріңіздер. Мен жоғарыға жеткіземін», — деді облыс әкімі. (ВИДЕО)
2019 жылдың сәуірайында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қытайдың Қазақстандағы 55 іріжобасының 15-і жұмысын бастағанын қытайлық басылымдарға берген сұхбатындаайтқан. Былтыр ҚХР Қазақстанға 2 млрд 62 млн юань кредит берген. Ресми Бейжіңгеқарызымыз 12 млрд АҚШ долларынан асады.
Фото: lada.kz