Өңір

Жанасыл Серікбол. СӘРСЕННІҢ КЕЗДЕСУ НҮКТЕЛЕРІ

Оянса таңғы алагеуім. Шала ұйқылы күйі қарманып, телефонын іздей бастады. Телефонынанқосқаны сол еді смс хаттар саулай жөнелді.

Жанасыл Серікбол. СӘРСЕННІҢ КЕЗДЕСУ НҮКТЕЛЕРІ

Гүлнұр үш рет қоңырау шалыпты. Алодан екі рет қоңырау шалған. Шалқалай аунап түсті де, төбеге көз салып аз жатты. Ұшып тұрып, босаға жаққақарап жағын таянған күйі етпеттей, созалаңдай жатты. Таң да атып, үй ішіжарықтанған кезде алдымен босағада ілініп тұрған пальтосына көзі түсті. Оң жаққалтасының ернеуінен қураған жапырақтың шеті көрінеді. «Жел ұшырып салғанболар».... 

… Бейсенбі күні жұмыс ауыр болды. Ала таңнан басталған қауырт жұмыс ақшамкіре тоқтады. Өне бойы ұйыған, дел-сал күйі сылбыр басып сыртқа да шықты-ауақыры. Қаланы ала көлеңке қымтап, кешкі бейсауат ырғақ басталған екен, күздіңсалқыны да өткірлене түскен. Ауласына жетіп, подъезінің алдындағы скамейкағажайғасты да қалтасынан темекі алып тұтатты. Шешелерінің етегінен сүйрей,жапырақ теуіп ойнап жүрген балаларға, алакөлеңкеде сүйегі ырсиып көрінгенқарағашқа, өлмеусірей жанған ауланың шамдарына ойсыз ғана қарап отырды.

— «Қайырлы кеш», «Сәлем бердік», «Аман ба, Сәрсен» деп өтіп жатқанкөрішілеріне құлықсыз ғана назар салып қояды. Әлдене уақыттан соң қасына біреукеліп отырды. Аңдамап еді,  Шарабас екен.

— Аманбысың, Сәрсен! — деп иығына қолын салды ол.

Баяғы қалпы, денесі де ширақ, жүзіндегі қуақылық та ізін жоғалтпаған.

— Саумын, аға. Өз жайыңыз қалай?

Шарабас қос иығын серпе көтеріп жауап берді.

— Өзің білетіндей жүріп жатырмын, інішек.

Сәрсен темекісін шегіп болып, тұқылын табанымен таптап отыр.

— Жұмысың қалай, батыр? Өсейін дедің бе?

— Иә, өсем жақында.

Сәрсен белгісіз нүктеге көз салған күйі селқос жауап беруде.

— Сен өскен күні мына біздің де тірлігіміз оңалар, а?

Шарабас Сәрсеннің арқасынана қақты да, екі алақанын ысқылап, ыржақтайберді.

— Әйтпесе мүлдем мүсәпір кейіпке түсіп бара жатқанымыз. Бұл не көріп отырдегендей Сәрсен көз салып отырған жаққа қарап та қойды.

— Иәәә… Сәрсен әлдебір жақтан көз алмаған күйі солғын жауап беруде.

— Сен енді Шара ағаңды бұрынан білесің ғой. Сені роддомнан шығарып алуғабарғанмын.  А, айтпақшы бүгін баяғы орындажігіттермен жиналамыз. Егер қаласаң… соғып кетерсің...

— Білмеймін енді, аға… Көрем ғой.

Орындықтан екеуі қосарлана тұрды. Сәрсен үсті-басын қаққыштады да бұрылып,үйге енді.

Жатын бөлмеде сырт киімін шала шешкен күйі әйелі ұйықтап жатыр екен. Табалдырықтанеппен ғана аттап ішке енді де, пальтосын шкафтың есігіне іліп тұрып, оған зерсалып қарады. Гүлнұр еш алаңсыз қою ұйқының құшағына енген, үй іші тым-тырысболса да тыныс алғаны сезілмейді. Киім ауыстырып жатып, той күні түскен бақыттысурттеріне көзі түсті. Суреттің төменгі бөлігіне «2016 жыл 20 тамыз» депөрнектеле жазылған.

Ас үйге барса дайын тамақ жоқ екен. Нанның бір түйірін үзіп алып аузынасалып, артынан су ұрттады да теледидар қосты. Телеарна атаулы бүгінгі күнніңқортынды жаңалықтарына көшіпті. Президент Қытай еліне сапарлаған көрінеді,қаланың әлдебір бұрышында өрт болыпты, сосын бірнеше адам қаза болған жол апатытуралы айта бастады..

— Келгеніңе көп болды ма?

Босаға шекесінен сүйеп Гүлнұр тұр.

-Жоқ. Көп болған жоқ.

Телевизорды өшірді де пультін қасындағы орындықтың ұстіне қойып жатып:

— Қарным ашты, Гүлнұр — деп еді, ол: — ештеңеге зауқым жоқ, — деп, керібұрылды. Сәлден соң душ жаққан судың сылдыры естілді. Кейде жай, кейде сумаңдайестіледі. Орынан тұрды да жуынатын бөлмеге ентелей кіріп келді. Гүлнұр бұныңбұнысына тіптен мән бермеген сияқты. Жайбарақат қарады да қолына сабын алып,кіндігінің шабына дейін көпіршітіп езіп шықты. Ол әйелінің жалаңаш денесінежылбырай төгіліп жатқан шашын еппен сиырып, мойнын сүйді. Белінен қыса өзінетартып еді, ол кері бұрылды да ваннаның суғарын бекітіп, су толтыра бастады.

Балконға шығып, айналаны тамашалу күндегі әдеті еді. Ақшам ауса да көліктерағаны әлі толастамаған. Үйдің астыңғы қабатындағы барға тұрақты қонақтар жиналабастапты, қала шуының арасынан саңылау тауып, дабыр-дұбырдары да естіліпқалады. Көптен көрмегендей қауқылдасуда. Күздің салқыны келсе да жаздықшатырдың астына құрылған столға жайғасқан олар сыраның сабын көбігін үрлепжіберіп алғашқы жұтымыда асыға ұрттасып жатыр. Сәрсеннің ойына кенет Шарабастыңжиналатындары есіне түсті.

 

***

Бұл келгенде олар бір топ болып жиналыпты, райондағы парктің көлеңкелі бірбұрышына жайғасқан. Шарабас орынан тұрып, Сәрсенді тамырларымен бір-бірлептаныстырды.

— Бұл — Сәрсен, жолдастар! Біздің районның еркесі. Роддомдағы кезіненбілем. — Кел, отыр. 

Жолдастары ысырылып шеттен шығарған орынға келіп жайғасты. Ортадағыгазоблоктың үстіне жайылған ақ парақта жасыл ұнтақтар шашырап жатыр.Араларындағы біреуі жасыл ұнтақтан қағазға орап бұған ұсынды. Сәрсен қолынаалған соң ошарылып аз отырды да, құшырлана тартып, қайтадан ортаға қойды. Отырғандар әрмен қарай «ендісен деп» бір-біріне ұсына бастаған кезде телефонына қоңырау келді. Бейтаныснөмер.

— Алло?

— Қайырлы кеш, Сәрсен!

Бұрын естімеген бейтаныс қыздың даусы.

— Иә? Тыңдап тұрмын.

— Бүгін екеуміз кездесуіміз керек, — деді қыз бірден байыпты түрде.

— Кездесу? Сіз кім боласыз?

— Ол маңызды емес. Жарты сағаттан соң өзен жағасында бол, — деді детелефонды қоя салды. Отырғандардың жүздер шырайланып,  әлдебір әңгіме төңірегінде қызылкеңірдек бопжатыр. Сәрсен орнынан лып көтерілді де ешбір жөн айтпастан сытылып кете барды.

Қаланы ендей жарып баяу ағып жатқан өзеннің кісі аяғы көп баспаған оңашатұсына келіп, алқына аялдады. Бұл жер қаланың жарығы мен шуынан да таса, әріиен, тынық. Өзенге алыстан түскен қала шамдарының жарығы су бетін әлсіз ғанакөбіршіктереді. Сәрсен қадамын санай басып, жаға жақын келді де жүрелей отырды.Сыз тартқан топырақ пен күзгі ылғалды жапырақтың иісі араласа шығады. Қалтасынантелефонын алып, жаңағы нөмерге қоңырау шалмақ болып еді өшіп жатыр екен.Қайтадан қалтасына сала берген кезде қоңырау оның өзінен келді.

— Ал, тыңдап тұрмын? Келдім.

— Тез жетіпсің ғой?

— Сен қайдасың?

— Салқын тиіп қалмай ма? Түймеленсеңші.

Сәрсен әуелі сасып қалып, жан-жағына қарап шықты. Сосын неде болса сырбілдірмеген болып, пальтосын алқымына дейін асықпай түймелеп шықты.

— Мен осындамын, Сәрсен! Дәл қасыңда.

— Өткенде ғана медициналық бақылаудан өткенмін. Көздерім 100 проценткөреді.

Даусы шарасыз болса да қатқыл шықты.

— Сенің көру, көрмеуің маңызды емес, қыздың даусы байыпты қалыпан танаремес. — Бастысы екеуміз кездестік.

Сәрсен не жауап қатарын білмей үнсіз қалды. Орнынан тұрды да, айналасынакөз салды. Өзен манағыдай емес демін ішіне тартып, сазара қалған секілді.Шарасыз кейіпте көкке қарап еді, ай шалқасынан туған екен. Жұлдыздар жарықкөрінді.

— Сен кімсің? Не үшін қоңырау шалып тұрсың?

— Негізі бұл сенің қалауың — деді қыз.

Сәрсен қарқылдай күлді. 

— Жо-жоқ, сен өйтіп шатаспа! Менің әйелім бар, отбасылымын. Бейтаныс қызбенкездесу туралы ойлаған емеспін.

— Жарайды қояйық, — деді қыз. — Бұл енді дау қылатын мәселе емес.

Оның үні әлі жайбарақат әрі сенімді.

— Бастысы екеуміз кездестік. Міне, өзеннің жуас ағатын, тынық тұсы.Екеуміздің алғашқы кездесу күктеміз.

Сәрсен тағы да үнсіз қалды. Телефон ұстаған қолы сәл тоңазиын депті. — Ештаңданба, — деп қыз әрмен сөзін жалғады. — Тоңа бастасаң жылы жерге барыпотырайық.

— Иә, сол дұрыс сияқты. Сәрсен момақан кейіпке түскен.

— Ендеше «Галарея» ресторанына кел.

 

***

Қонақтар ресторан ішін орталай толтырыпты, баяу музыка мен ыдыс сылдыранартық дыбыс естілмейді. Әр үстелге екіден, не жалғыздан жайғасқан жандардыңқабағы салқын, байыппен бірдеңені ойналып, әлденені сөз қылып отыр. Босағаныңоң жағында, терезің алдына орналасқан бос үстелге келіп, бұл да жайғасты.

— Маған пиццаның кішірірегінен, сосын су берсеңіз — деді даяшыға.

— Өзге ештеңе қалмайсыз ба?

— Әзірге жоқ.

Даяшы лып етіп жөнеле бергенде одан да қоңырау келіп жетті.

— Қалай? Жайлы ма?

— Иә. маған мұндағы тыныштық ұнап тұр.

— Мен ешқандай тыныштық сезіп тұрғам жоқ, адам жаны тыныш болады дегенгесенбеймін өзім

Сәрсен үнсіз ойланып қалды. Бұл уақытта даяшы да айттырғанын алдына әкеліпқойды. Бас қойып жеуге зауқы болмаған соң пиццаның шетінен бір кертіп қанааузына салып, дәмін алды да қойды.

-Асқа зауқым жоқ де?

Сәрсен үнсіз бет-аузын тыржитты

— Мүмкін Гүлнұрдың қолымен дайындалмағандықтан болар?

— Бәлки...

Сәрсен енді ресторан ішін мағынасыз бақылауға көшті. Ортаңғы қатардың төргіүстелінде өзі сияқты жалғыз келген біреу асын ішіп болды да асыға басып жүреберді. Пиджагын сол қолының қарына іле салған. Үстел үстінде орта қорап «ПарламентАквасы» қалды. Ал өзімен жапсарлас отырған жасамыс ер мен әйелдің бір-бірінеайыпты сөздер айтып, өкпе тарқатысып отырғандары байқалады. Көздерінде мақпалмұңның ұшқындары бар.

— Ана екеуі не айтып отыр екен?

-Түкке тұрғысыз бірдеңе — деді телефонның арғы жағындағы дауыс. Ұзақ уақытмахаббат құрса да қосыла алмапты. Соны енді бір-бірлерінен көріп отыр. Сәрсенмырс етті де су удан ұрттап қойды.

— Сол жағыңа қарашы — деді қыз кенеттен.

Жасы алпысқа жетіп қалған және отыздан асқан екі ер адам отыр екен. Сырткелбеттері әкесі мен баласына ұқсайды. Құнды құжаттар болуы керек,орталарындағы бір папка толған қазағаздар. Кішісі білегін сыбанып алған, қызу,есіп сөйлейді. Үлкені салмақты, ойлы кейіпте. Жағдайдың өз ырқынан шығап баражатқанына көндіккен түрі бар. Әлдене уақытта терең күрсінген ол бір қағазға қолқойды да жылдам тұрып жүре берді. Кесе түбінде қалған соңғы жұтым шайды асығаұрттай салып, қызба жігіт те асыға тұрып оның соңынан жүгірді. Мана білегінсыбанған сәтте шешіп қойған сағаты үстел үстінде қала берді.

Іштей күрсінген Сәрсен үйге қайтқысы келді. Даяшымен есеп айырысып болып,есік алдына шықса жаңбыр жауып тұр екен. Суық жел жаңбыр суын шашыратып,ышқындыра бүркеді. Қара суық әп-сәтте-ақ Сәрсеннің өне бойын түйреп өтті.Тірікеніп қалған ол ресторанның қайта енді де такси шақырды.

 

***

Сәрсен ертеңінде жұмыстан көңілі көтеріңкі, сергек қайтты. Қала көшелерінеіңір ұйып, әдеттегідей кешкі абыр-сабыр басталған. Шыға Гүлнұрға телефон шалыпеді, кеш қайтатынын айтты. Сосын кеудесін шалқақ ұстап, көңілі әлденегетояттаған күйі терең тыныстады да көше бойлап жүре берді. Күндегідей емес,аспан тұнжыр көрінеді. «Жағалау жаққа сейілдеп қайтсам ба» деп ойлағаны сол едітелефонына қоңырау келді. Сол екен.

— Кеш жарық, Сәрсен!

— Сәлем!

— Біздің кездесуіміз жайлы ұмытпаған боларсың..?

— Тағы да ма?

— Кездесу нүктесі «Адамс» қонақ үйінің ең жоғарғы балконы.

Ол жер алыстау еді, сондықтан таксиге отыруға тура келді. Қонақүй лифтінеасыға еніп, 32-қабатты басты. Ең жоғарғы балконға тағы бір қабат жаяу көтеріліпжетті. Балконда бос сыра бөтелкелері мен темекі тұқылдары шашылып жатыр. Бұлжерден қала әсем көрінеді екен. Өзін самсаған жұлдыздардың ортасына түсіпқалғандай сезінді. Төмендегі көліктер ағыны да көше шамдары да жарасымды ырғалады.Кеуде дүрсілін басып, сәл тұрып еді, төменгі жақтан баяу музыка үні естілді.Қонақүй ресторанынан болуы керек. Балкон ернеуіне кеудесін тіреп, түпсізқаракөк ауаға телміріп тұрған сәтте ол қоңырау шалды.

— Мені неге мұнда әкелдің?

— Қарасаңшы, қала қандай тамаша! Көрсін дедім.

— Өөөй… Арлы-берлі тыпырши басып, қалтасынан тағы бір темекіні шығарды. — Рахмет, қала әдемі екен!

— Жылы киініп  пе ең жауын жауатынтүрі бар.

— Мейлі, жаусын.

Ол темекіні шекпестан қайтадан қалтасына салды. Төмененнен машинаның ашшысигналы жармақтала естілді. Қараса қонақ үйдің бұрышындағы тар өткелге екікөлік таласып тұр екен.

— Сонымен, бұл соңғы кездесуіміз болар деп үміттенем?

— Мүмкін? Ол енді өз қолыңда.

— Бұның ақыры қашан сонда?

— Бұның ақыры жоқ! –деді қыз салмақты түрде.

Сәрсен түтігіңкіреп қалды да, телефонды өшіре салды. Ентелей басып барып,балконнан төмен қарап еді басы айналғандай болды. «Қанша метр екен?», «Қарғысатқыр, қайтесің оны?». Манағы темекісін қайта суырып тұтатты да тұнжыр қарааспаннан көз алмай тұрып асықпай шегуге кірісті. Төменге қараған жоқ, тек аспантүсіне малынып, марғау жатқан қаланың алыс шетіне көз салды. Темекі тұқылыниіре шертіп, ауаға сіңірді де, асыға басып лифтіге бет алды. Бұл сыртқашыққанда қарлы жаңбыр, ұйытқи соққан желмен қатар жеткен еді, дереу таксишақырып, өзінің ауласына да жетті. Үй маңайындағы бар әлі жабылмаған екен.Арнайы бұрылып, «Қазақстан» конъягінен біреу алды да, жүгіре басып, подъезгееніп кетті.

 

***

… Тырпылдай басып барып дәретін сындырып, салқын сумен бет-ауыз шайды.Сосын умаждалған шашын саусағымен тарағыштап, көзін уқалай жүріп ас үйге беталды. Гүлнұр кеше тамақты мол пісірген екен. Бірақ өзі түйір дәнін татпағанғаұқсайды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз