Жантас Еркін. Эфтаназия
Ол бүгін өлуі керек еді… Полиция машинасы тұр.Төбесіндегі түрлі-түсті жарқырауығынан таныды.
Аяғы сыздап барады. Сыздағанаяғын сүйретіп машинаға жақындады. Сол жақ терезе төмен түсті.
— Не керек?
— Авария болды. Көмек керек.
Аяр ма екен деп түрін одансайын аянышты ғылып еді, селк етпеді. Бетінен таңданудың да, тосырқаудың данышаны байқалмайды.
— Қай жақта?
— Қала сыртында. Осыдан бесшақырымдай…
— Өзің жалғыз ба?
— Есімді жиғанда, қасымда ешкімболмады.
Қайыршыға қарағандай қыли көзіменжаралыны басынан аяғына дейін бір шолып шықты да:
— Кеттік, — деді бұйыра
— Аяғымда жарақат бар. Алдымен…
— Аяғыңды атып тастамайтұрғанда машинаға отыр, сволыч!
Ол қатаң шыққан дауыстанзәре-құты қалмады. Сыздап тұрған аяққақарамастан «Police» жазуы бар көліктің артқы салонына кіре берді.
Көлік ішінен күлімсіген темекіиісі шығады. Әр бұрышқа сіңіп алғандай. Жүрегі лоблып, құсқысы келді. Соғанқарағанда мен шекпейтін адам болғаным ғой деп ойлады. Онысына аздап қуанып таотыр. Полиция сол жақ терезесін тағы түсіріп, «LD» жазуы бар көк қорапты ұсынды. «Шегесің бе?» дегені.
— Жоқ, рахмет, — деді ол жаңағыбәсең дауыспен.
— Мынауың жаңалық ғой. Қойыпкеттің ба не, бір сағаттың ішінде?
Көк көйлекті «LD» шегетінмырзаның нені меңзеп отырғанын түсіне алмады. Басы мең-зең. Оның үстіне мынау темекі түтіні қолқасынқауып барады. Өз жақ терезесін түсірмек боп еді;
— Ол жақ ашылмайды. Білсең, бұлполиция машинасы.
Осыларды «милиция» деуші мееді, әлде «полиция» дей ме. Жаза басып қате атап қалса шамданып шыға келе ме депсескенеді. Шамырқанса бұлардан қырсық адам жоқ. Тебіндеп кеткен бет түгі менқалың қасына қарап өзінен үлкен деп ойлады.Етегі резіңке болмаса анау қарны даарнасынан асып түсіп, көйлектің пор-порын шығаратын сияқты. Бұрын полициякөрмегендей тұрпатына бажырая бір зер салып алды. Жадын жоғалтып алғанынескерсек, адамдармен алғаш тілдесуі. Әр қараған сайын оған осынау төртбақ семізбұрыннан таныс секілді көрінді.
— Біз таныс емеспіз бе осы?
— Сен? Менімен? Ха-ха-ха! Меніңтанысым болсаң сені алдымен емханаға апаратын едім. «Мы свойх не бросаем».
Ашықтығың үшін рахмет деді.Әбден мен сияқты жаралыларды жарға итеріп қаладан өз пайдаңды тауып жүргеннайсаптың бірісің-ау, дәу де болса. Сот алдына барайық, сенің де үстіңнен бір қағаз түсірермін. «Түсір,түсір, не істеп аласың?» дегендей әккі сақшы да қызыл шоғын жымысқы езуінеқыстыра берді.
Олар қала ішін аралап біразжүрді. Жүргізуші жолды нашар біле ме, әлде біреуді іздеді ме, бұрыш-бұрышты көптіміскіледі. Полиция міндеті шығар деп ойлады.
— Идиоты, кәмелетке толмасак**тін қысып, үйде отырмай ма, клуб кезбей…
Серігінің неге зығырданы қайнапотырғанын түсінген болды. Бұлар жасөспірімдер жоқ па деп түкпірлерді тінтіпжүрген болды.
— Осылай күнде, рейдтен-рейд… Қуатынымызжезөкше мен наркомандар, одан қалса бомбждар.
«Осыны не үшін айтып келемінбұл жындыға. Бұның да айырмашылығы не олардан. Қайта анау көше қаңғып жүргендертәуір. Өз аяғымен жүреді, ұсталса тиын-тебенін қыстырып кетеді. Болмай баражатса, басқаша қызмет көрсетеді. Әйтеуір амалын табады. Ал мынау арттағы нағызжындыны үнемі бақылап тұруы керек. Өлгенше…Тфу, қайыршының бүгін де өлеалмағанын қарашы. Вроде, ауыр жүк көлігі соққан сияқты еді…». Мент өз ойынанөзі түңіліп отыр. Соңғы уақыттарда мүлдем жолы болмай жүр.
Аурудың аяғы әлі қақсап келеді.Шіркеуде соғатын қоңыраудың даусындай әлдебір үн миының ішінде де маза береремес. Қарсы беттегі «Радио сағат» 23:45-ті көрсетіп тұр.
— Ол жақта не істеп жүрсің?
Тосыннан шыққан дауысқа сәлтосылып қалды.
— А-а-а-а?!
— Не істеп жүрсің дейм онда?
— Білмеймін…
— Айтқың келмейді әә? Протоколбәрін айтқызады әлі…
Есінде шынымен ештеңе жоқ.Қалай тап болды, қалай келді – бәрі өшіп қалған. Әйтеуір есін жиса иен трассаның қабақ жағында етпетінен жатыр.Басынан тамған қан мұрын ұшына жайылып, езуінде қатып қалыпты. Қазтарын әреңқозғады. Алғашында өзін дәл бір музейге арналған манекен сияқты сезінген. Қайтақазір кісімен тілдесіп, іші жылып қалды.
Бензин калонкасына келді.Ондағы сағат 23:59-ды көрсетіп тұрды. Мұндағы сағат дәл уақыттың өзіндей үлкенекен дейді.
— Сенде тиын-тебен жоқ па?
Ол басын шайқады.
— Онда отыра бер…
«Енді қашып кетпеймін ғой» депайтқысы келді. Сол-ақ еді қашу туралы ойы өзіне ұнап қалды. Қашу керек. Не үшінқашуы керек? Өзі де білмейді. Санасына әлдебір қашып келе жатқан адам бейнесі оралабереді. Ол неге қашып келеді? Оны да білмейді. Қуғыншы жоқ ғой. «Неге олқашады?», «Не үшін қашады?». Осылай деп бөтен дауыстар миында қайта жаңғырығыпәкетті. Дауыстардан арылмаққа терезе жаққа көз тастады, «оператор» дегенбейджігі бар бір көк қалпақты кісі паралелл тұрған көлікті жуып әлек. Бұғанқарап болмашы ыржияды. Бұл да күлген болады. Ішінен….
— Сен дәретханаға бармаушы маең?
Бұл тағы басын шайқады.
— Ендеше оқиға орнына...
Сағат 00:31. Бұлар әлі жетпеді.Екі бағдаршамның қызыл түсінде ғана аялдағаны болмаса, өте жылдам жүріпкеледі. Арадағы үнсіздікті бұзып «Lostyourself» әні безілдеуін қояр емес. Анда-санда айлакер көзімен алдыңғы айнаданшофер де бұған күліп қарайды. Бұл да оған күлген болады. Ішінен…
Бірақ әлі де ештеңе түсініксіз.Мынау жолдарды бағана ол жүріп өтпеген. Анау «операторды» мүлдем кездестірмеген.Ал ағылшын әнін қайдан есінде сақтаған? Бұлар қайда барады? Бәлкім түрмеге. Бәлкім мұның өзін соттапжіберетін шығар. Несіне көмек сұрады екен.
— Сен анау, бағанағы әбестігімүшін ренжіме. Сен ғана емес күніне ек-үш конфликт болады. Бәріне сыпайы бопотыра алмаймыз ғой… Солай ғой…
Мент соңғы сөзін нығыздапжеткізді. Радионың даусын басып қоясыз ба деп айтайын деп еді, аузынан басқасөз шығып кетті:
— Біз қайда барамыз?
Жалт қарады. Сен бірдеңе біліпқойған жоқсың ба деген сұраулы жүзі бар. Бет пішіні бағанағыдай-селк етер емес.Қан-сөлсіз. Бір байқағаны, бұлар осындай эмоциясыз болады екен. Тіпті айнаданқарағандары да.
— Ол жағын уайымдама. Оқиғаболған жерге барамыз.
Жаңа бензин калонкасында қашыпкетпегеніне өкінді. Бірақ қашқанда қайда баратын еді. Бәсе дейді-ау,«оператордың» жымысқы күлкісі жаман болатын. Жүрегі бірдеңе сезді.
Қане, бәрін басынан бастап ескетүсірейікші. Әуелбастан менттің өз жоспары болған. Бұл тек соны орындауғакөмектескен. Қорлықты жоқ жадынан көретін болды. Ақыры есінде ештеңе жоқ, негепайдаланып кетпеске деп отырған болар. Тіпті өлтіріп кетсе де, сүйегін кіміздейді. Әлем қазір бұған жат, бұл әлемге. Мынау қоршаған ортаға сіңісті болуыүшін жоқ дегенде өзінің қайда, қашан өмірге келгенін білу керек емес пе. Ал бұлжаңа туған сәбидей бейкүнә ойда жүр. Тап-таза ойда…
Мүмкін жүргізушіге тастап кетдеп жалынып көрер. Мүмкін басқаша келісіп көрер. Бұлармен келісу оңай еді ғой.Ойлан, ойлан! Бостандығының орнына не ұсынса болады? Мүмкін интимдік қызметтүрлерін ұсынып көрер. Бәрібір отбасы білмейді ғой. Отбасы демекші, үйдегілеріуайымдап қалған шығар. Уайымдаса неге іздеу салмайды. Жоғалған соң үш тәуліктен кейін ғана іздеугеарыз беретіні бар еді ғой, айтпақшы. Әзірге олар мұның хәлін білмейді. Оларештеңе білмейді. Бұл да олар туралы ештеңе білмейді. Жары кім, баласы қандай-ештеңеесінде жоқ. Мүмкін оның отбасы болмаған да шығар, кім білсін. Бұл бойдақтыққұрып жүріп жезөкшелерге барған, сосын шала мас күйде түнделетіп жолға шыққан,осылайша көлік апатына тап болған. Бәрі қарапайым әрі кешірімді. Тек санасыныңсалдығы ғана кешірілмейтін күнә. Қалпына қалай келтірмек?! Тым құрығанда бірдәлел болғанда.
— Сен өзі анау нелергебарғаннан саумысың? — дейді мент ішін оқып отырғандай.
Сұрақты сұрамай қойса да,менттің нені меңзеп отырғанын жақсы түсінді.
— Білмеймін…
— Жасырма енді. Бәрібір түбіашылатын бір шындық ғой. Енді лично мен де сенің орныңда болсам, алдыменсоларға баратын едім. Ал сосын барып…
Мент үнсіз қалды. Қарғыс атқыр,үнсіз қалды. Мынау анық бірдеңе жасырып отыр. Аңдуы жаман еді бәленің. Ендібұдан бар шындықты суырып алу керек. Мүмкін менің жағдайыма осы кінәлі шығар.Осыны ойлағаны сол еді бұлар межелеген тұсқа да келіп жетті. Әлдебіреугетерезеден шығара қол бұлғады, артынша алдындағы алып дарбаза екі жаққа бөлінеқалды. Бұлар қараңғыда сұлбасы ғана сылаңдаған алып ғимаратқа кіріп келе жатты.Уақыттың дүкілдеген жүрегі артта, қалада қалып қойғанын анық түсінді. Себебімұнда тіпті қарайтын сағат та жоқ. Тағы та түсініксіздік басталды. Тек бұл жолыжауап жақындай түскендей ме қалай?! «Қашу керек» деді бір дауыс ішінен. Осыжолы нақты шешті. Машина алқызыл жолақты автотұраққа тақай бере бұл да ытқижөнелді. Бұл жолғы қашуға жан-дәрменін салған. Болмады. Болатын еді, әнтекжарасы бітпеген жүйке тұсынан тағы бір соққы тимегенде. Есеңгіреді де қалды. Мент айлакер ғана емес,шапшаң екен деп ойлады. Ол өз ойына тәнті болды. Аяқ-қолын сілкілеп, арбағатаңып жатқанда да, ойлары орнында болатын. Әйткенмен «белгісіз сөйлесулерден»кейін ішкі даусын мәңгіге жоғалтып алды.
Белгісіз сөйлесулер
Доктор:Ол бүгін түндеөлуі керек болатын. Неге қайтып алып келдіңдер?
Мент:Ол өле алмады.Тағы бір көрсін…
Доктор: Осымен екінші ретқайтып келді
Мент:Ертең есін ұмытқансоң, қайта алып кетемін. Уәде етем, осы жолы өлетін болады
Доктор:Миының ісігі өлтірседұрыс еді…
Ол бүгін түнде өлуі керекболатын. Бірақ бағына орай «Жындыхана» деген жазуы бар алып ғимараттың ішінеқайта кіріп бара жатты...