Әлеумет

Жақсылық Омар жабылған жолды ашты

Өскемендежолаушы тасымалымен айналысатын компанияның қызметіне наразы болған халық жолдыжауып тастады.

Жақсылық Омар жабылған жолды ашты

Екі кештің арасында аяқ астынан болған бұл жағдайға жүргізушімен кондуктордың дөрекі қылығы себеп болған. Амалсыз жолды бөгеуге бел буғанжұрт, адам тола автобуспен тіпті аударылып қала жаздадық – дейді.

Жергіліктіжұрт уақытылы жүрмейтін автобустарға қатысты наразылығын талайдан бері білдіріп,бірақ еш нәтиже шықпаған деп отыр. Әсіресе қаладағы 42 бағытта қатынайтынқоғамдық көліктің уақытылы жүрмейтініне жұрт әбден наразы болған. Аялдамадасағаттап тұрып, межелеген жеріне тозып жүріп жететін жүргіншілердің жиналғанашу ызасы, осылай жолды жауып тастауға дейін жеткізген. Ол ол ма? Кешіккенкөліктің жүргізушілері кешірім сұрамақ түгілі бұлданып, дүрсе қоя беретінкөрінеді.

Жолаушылардыңжан айқайының жөні бар. Дәл осы жолды жапқан жағдайға кондуктордың жауабы себепболған екен. Өзі лық толып, қыстырылысқан адамдардың арасындағы қарияға: –ұнамаса түсіп қал да такси ұстап кет! – депті. Оған куә болған ел шыдамай шушығарған.

— Мен университетке дейін 7-8аялдама жаяу жүріп барғым келмейді. Автобусты күтіп, кешігіп барып,ұстаздарымнан да сөз естігім келмейді. Мен біреулердің жауапсыздығынан не үшін сөзестуім қажет. Осы 42 бағыттағы автобусқа қатысты 42 рет шағым жаздым.Кешігетіндері мен дөрекіліктерін естіп, мемлекеттік және бағыт нөмірлерінсуретке түсіріп, тіркеп те бердім. Бірақ бір де бір жауап жоқ. Нәтиже де жоқ.Сонда не үшін жүрсіздер?деп, жабылған жолды ашу үшін келген әкімдік қызметкерлеріне ӘсемМӘЛІКОВА дүрсе қоя берді.

Кондукторлардыңәдепсіздігі, жолаушылармен жасаған қарым-қатынасы да оңып тұрған жоқ. Ашынғанел сендер: – біздің осылай жүргенімізге рахмет айтыңдар! Әйтпесе біз жүрмейқоямыз – деп, кеудесін керетін кондуктар мен жүргізушілердің сөзіненжалыққандарын айтты. Жол жабылып, жағдай әбден ушыққанда қала басшысы келіп,ашуға булыққан елді әрең тоқтатты.

— Біз бұл мәселені білеміз.Бірге шешейік. Таңертең қалалық әкімдікке келіңіздер. Жауапты қызметкерлердіжинайық. Ақылдасайық. Айтып тұрған мәселелеріңіз өте орынды. Әкімшілікке алыпкелетін көлікті де ұйымдастырайық, – деген қала әкімі Жақсылық ОМАР жабылған жолдыашқызды. 

Айтылғандайқалалық әкімдікте бүгін біраз адам жиналды. Жауапты мамандар да келген. 42бағытта жұмыс істеп отырған «VOSKA» ЖШС-нің директоры да ашынғанелдің сұрағына жауап беру үшін тас түйін дайындалып келіпті. Көп мәселесінкөтергісі келді. Бірақ оны тыңдаған адам аз болды. Келісім шартқа қол қойылғансоң, орындау ғана қажет екенін отырған жұрттың көбісі ескертті. Бірақ компанияөкілі өзін кінәлі санамайтын секілді.

— Міне 2019 жыл аяқталайын депқалды. Бұған дейінгі әкім субсидия мәселесін шешеміз деген. Субсидия автопарктыұстап тұру үшін қажет. Қанша жұмысшыларымызды қысқарттық. Ал «Д»категориялы көлік жүргізу куәлігі бар мамандар мүлдем жоқ. Сіз қала әкімі болыптағайындалғалы бері біздің паркке бірде бір рет келмедіңіз. Біз қаншама қаржысалып, шамамызша жаңартып жатырмыз. Осының бәрі қаражаттың жетіспеушілігінен,деп ақталды автопарк директоры ҚанатҚАЛЕЛОВ.

Мұныментапсырыс беруші қала әкімшілігі мүлдем келіспейді. Керісінше келісімшартжасалған соң, оның орындалуын талап етті. Жағдай реттелмесе бұл бизнеске көзтіккен өзге компания көп, келісім жасауға әзірміз деді.

— Ешқандай субсидия болмайды. Екінші, жол жүру ақысынкөтеруге келіспейміз. Бұл еліміздегі облыс орталықтарындағы ең жоғарғы баға.Бұдан да төмен бағада қызмет етіп отырған компаниялар бар. Бәрі ашық болу үшінэлектронды билетті енгіземіз. Содан кейін шынымен де жетпей жатса субсидиямәселесіне ораламыз. Ал қазір жасаған келісімшарттың негізінде дұрысқызметтеріңізді атқарыңыздар!деді,Өскемен қаласының әкімі Жақсылық  Омар

Бұл Өскемендегіқоғамдық көлікке қатысты алғашқы дау емес. Жазда ғана зейнеткерлер менбалалардың жол ақысына қатысты жеңілдіктерді алып тастаған тасымалдаушылар тағыда шу шығарып еді. Қазір тергеудегі ол істі қазан айында сот қарайды.

Айтакетейік, қазан айының соңына дейін 20 жаңа автобус әкелінбек. Тағы да 65автобус келер жылдың наурыз айында жеткізіледі. Бұл мемлекет пен кәсіпкерлерарасындағы келісім шарттың негізінде жүзеге асып отырған жоба. Облыстыққазынадан қомақты қаражат бөлінген. Қазақстан даму банкімен де келісім шартжасалған.

Фотолар автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз