Руханият

Жақсылықтың жаңа жыр жинағы

Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында 24 қараша күні ақын Жақсылық ҚАЗЫМҰРАТҰЛЫНЫҢ жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді.

Жақсылықтың жаңа жыр жинағы
Ақынның «Әпке» атты өлеңдер кітабына соңғы кезде жазылған туындылары енген. Кешке ақын-жазушылар, өлең сүйер қауым жиналады.Жақсылық Қазымұратұлы 1990 жылы 23 қыркүйекте Қытайдың Шиху қаласы, Талды ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің бакалаврын (2013), магистратурасын (2015) бітірген. «Қараласырмақ» (2011), «Жапырақ жауған күз» (2013) жыр жинақтарының авторы.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз