спорт

Жасанды интеллект Головкин-Канело жанжалды жекпе-жегінің жеңімпазын анықтады (ВИДЕО)

Жасанды интеллекттің Deep Strike құралы Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварестің арасындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазын анықтады, деп хабарлады Zhasalash.kz Bassport.kz-ке сілтеме жасап.

GGG

Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында болған еді. Ол 12 раундқа созылды.

Оның қорытындысы бойынша жекпе-жек тең аяқталды. Төрешілер Канелоның пайдасына 118:110, Головкиннің пайдасына 115:113 есеп берді. Сөйтіп, реферилердің шешімімен есеп 114:114 болды.

Deep Strike-тің талдауына қарағанда, Головкин Канелодан соққылар саны бойынша басым болған. Мексикалық боксшының 217, ал Головкиннің 300 соққы жасағанын анықтаған.

Сонымен бірге Геннадий Головкин жекпе-жектің 9 раундында көбірек соққы жасап, соққылардың жалпы саны бойынша да асып түскен.

Нәтижесінде 897:577 есебі тіркелді. Deep Strike Головкиннің Канелоны қысым бойынша да, яғни 49%:24% нәтижесімен жеңгенін анықтаған.

Одан кейін Deep Strike жасанды интеллект құралы боксшылардың 2018 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен екінші жекпе-жегіне де талдау жүргізіп көрді.

Оның қорытындысы бойынша да Головкиннің жеңгені анықталды. Алайда бұл айқаста төрешілер жеңісті мексикалыққа берді.

 

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз