Өңір

«Жау жағадан алғанда...» Үкімет Мақтааралдағы жағдайға енді ғана елеңдей бастады

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартадының»кері келіп жатыр. Барлық күш коронавирус індетімен күреске кетіп жатқан кездеТүркістан облысының Мақтаарал ауданы ойда-жоқта су тасқынына ұшырады.

«Жау жағадан алғанда...» Үкімет Мақтааралдағы жағдайға енді ғана елеңдей бастады

Міне, бүгін апаттың төртіншікүні. Өзбекстанның Сардоба су қоймасында болған апаттан бері Мақтааралға келгенсудың көлемі азайған жоқ. Су басу қаупі төнген елдімекендердің саны көбейіп барады. Тасқынның шарықтау шегі қай жерге барып тірелетінібір Аллаға ғана аян. Көксарай салынғанға дейін қыста Сырдария жағалауындағықазақ ауылдарын тасқынға ұшыратып, ал шіліңгір шілдеде диқандарды ағын судантарықтыратын өзбек ағайындар осы жолы мақтааралдықтарды қарық қылды. Дүйсенбігедейін Мақтаарал ауданында төрт елді мекенді су басқан. Жаңа тұр мыс ауылында – 46, Жеңіс ауылында – 130,Фердауси ауылында – 250 және Өргебас ауылында 194 үй, жалпы, аудан бойынша 620үй су астында қалды. Құдай сақтап, адам шығынына жол берілген жоқ. Тасқын сукөршілес Жетісай ауданындағы Қоғалы елді мекенінің тұрғындарын да алаңдатыпотыр. Жетісай аудандық әкімдігі бөгеттер жасау арқылы қауіптің алдын алуда.Әзірге су бір жарым шақырымдық бөгеттен өтпей тұр. Егер Қоғалыны су басу қаупітуса, тұрғындарды дереу көшіру жағы алдын ала ойластырылып қойылған. Соныменбірге топан су Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ырысты, Қарақыр және Достықауылдық округіне қарасты Гүлістан ауылының егістік алқаптарына жайылуда.Аталған елді мекендердің тұрғындарына да кез келген уақытта көшуге дайын болуқажеттігі ескертілген. Ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге қарағанда,Сардоба суқоймасы Өзбекстанның Сырдария және Жизақ облыстарының шекарасындаорналасқан. Суқойманы салу 2010 жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілген.Бұл президент Шавкат Мирзияев билікке келгелі Өзбекстанда пайдалануға берілгенірі нысандардың бірі саналады.

 2017 жылы суқойма құрылысымен Мирзияевтің өзіқайықпен жүріп танысқан екен. Сол жолы сыйымдылығы 900 миллион текше метрденасатын суқоймасынан келешекте қытайлық инвесторлардың көмегімен шағын су электрстанциясын салу, жағажай туризмін, сонымен бірге балық шаруашылығын дамытужобаларының жүзеге асатыны айтылған. Бөгеттің бұзылуы 1 мамыр күні таңғы сағаталтылар шамасында қатты жаңбыр мен дауылдан кейін орын алған. Кейбірөзбекстандық ақпарат құралдары апат кезінде әпкелі-інілі 14 жастағы қыз бен 9жастағы баланың қайтыс болғанын жариялады. Бірақ рес ми орындар ешқандай адамшығынының болмағанын хабарлаумен келеді. Бірнеше елді мекен су астында қалып,70 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Өзбекстанның ауыл шаруашылығыбұрын-соңды болып көрмеген шығынға ұшырады. Стратегиялық маңызды нысан қаттыжаңбырдан немесе дауылдан бұзылды деу ақылға сыймайды. Болжам бойынша, апатжобада кеткен қателікпен немесе құрылыс жұмыстарын ынсапсыз жүргізілгеніменбайланысты болуы мүмкін. Егер солай болса, Сардобадағы төтенше жағдайды табиғиапат деуге келе ме? Бұл адамзаттың қолымен, дәлірегі салғырттық пенжауапсыздықтан, туындаған апат емес пе? Тасқын судың Жетісай мен Мақтааралғакеле жатқаны сол күні таңертеңнен бастап WhatsApp жүйесі арқылы тарала бастады.Әлдебір өзбек азаматының судың жақын арада Жетісайға келетіні туралыхабарламасынан құлақтанған халық арасында абыр-сабыр басталды. Қос ауданныңәкімдіктері елді сабырға шақырып, әзірге ешқандай тасқын қаупінің төніптұрмағанын айтумен болды. Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жөнінде штабқұрылып, халықты көшіру жұмыстарының басталғаны, аудан арқылы өтетін каналдағысу деңгейінің көтеріліп, екі ауылды су басып қалғаны 1 мамырдан 2 мамырғақараған түні белгілі болды. Егер топан судың келе жатқаны туралы ақпаратҚазақстанға ертерек берілгенде бір әрекет жасауға болар ма еді? Ол әрекеттасқын судың қаупін, елдің басына түскен қиындықты қаншалықты жеңілдете алареді? Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, 1 мамыр күні Өзбекстанжағынан ешқандай хабарлама келіп түспеген. Тасқын қаупін оның өзі әлеуметтікжеліден білген. Ал облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың сөзіне сенсек,Өзбекстан жағы Қазақстанға бір тамшы да су келмейтінін айтумен болған. 2мамырда таңертең төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге облыс әкімі ӨмірзақШөкеев апат аймағын әуеден тікұшақпен бақылап, мәлімдеме жасады. –Өзбекстанреспубликасының су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметінесәйкес, қазіргі таңда Сордаба қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған.Дегенмен түнімен аққан сарқырама су ЦГК каналына жиналды. Аталған каналдың сужіберу қуаттылығы – секундына 120 текше метр. Бірақ каналға түнімен секундына180 текше метр су ағып келген. Эвакуацияланған тұрғындар былтырғы Арыстыңтәжірибесіне сәйкес, тиісті медициналық қызмет, азықтүлік секілді барлықзаттармен қамтамасыз етілетін болады. Бұл жергілікті масштабтағы төтеншежағдай. Сондықтан Арыстағы тәжірибеге сай алгоритмде жұмыс істейтін боламыз.Бәрі ұйымдасқан түрде реттеледі, қалпына келеді. Төтенше жағдайды игеругеоблыстың толық мүмкіншілігі бар, – деді облыс басшысы. Дегенмен Өзбекстаннанкелетін су көлемі азайған жоқ. Оның неге азаймай отырғанын жергілікті басшыларбүгінге дейін білмейді. Қазір әлеуметтік желіде көлкіген суды арық арқылыканалға бұрып жатқан өзбек ағайындардың видеосы тарап, қызу талқыланып жатыр.Түсіруші судың енді Қазақстанға, Абайға (шамасы, Келес ауданының орталығы Абайауылын айтып отырса керек) баратынын айтады. Мұны түсірген адамның қандаймақсат көздегені белгісіз. Бірақ бұл жерде өзбек ағайындардың әрекетін түсінуқиын емес сияқты. Олар жоғарыдан келген суды қашыртқы каналы арқылы төменгежіберіп жатыр. Ал сол канал арқылы барған судың қазақтардың өміріне,дүниемүлкіне қауіп төндіретінін ойлап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан мәселегежергілікті жағдай деп қарамай, тез арада мемлекетаралық комиссия құрылғанда,апаттың салдарымен екі ел бірлесіп күрескенде, әрбір әрекетті екі елдіңмамандары өзара ақылдасып кеңескенде, бірінші кезекте елді мекендердіңқауіпсіздігі басты назарға алынғанда, бәлкім, мұншама шығынға жол берілмес пееді?! Сондықтан кінәнің бір ұшы мәселенің мәнісіне терең үңілмеген, апаттанкелетін салдарды  дер кезіндебағамдамаған үкіметке барып тіреледі. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты суресурстары комитеті осы жолы белсенділік танытуы тиіс еді. Өзбекстандаапат аймағына президент пен премьер сол күніақ барды. Ал бізде ше? Ақордапрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзбек президенті Шавкат Мирзияевқа телефонсоққаны, екі арадағы әңгіменің «жылы және достық рәуіште» болғаны туралымәлімет таратты. Жексенбіде Тоқаев твиттерде Мақтааралда 22 мың халықтыңкөшірілгені туралы жазба қалдырды. Дүйсенбіде апат салдарын жоюмен айналысуүшін вице-премьер Р.Склярдың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылғаны белгіліболды. Үкімет Мақтааралдағы жағдайға енді-енді елеңдей бастады. Кеше түскедейінгі жағдай бойынша апат аймағына не үкімет жетекшісі Асқар Мамин, не вице-премьерлер,не бірде-бір министр ат басын бұрған жоқ. Ал Мақтааралда жағдай сағат сайынөзгеріп жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, апат аймағында су астында қалғанүйлердің саны 631-ге жетті. Эвакуацияланған халықтың саны 31 мыңнан асты.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Түркістан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз