Саясат

Жемқор атаулының бәрі биліктің өз адамдары

Жемқорлықтың өзі жемқорды «ақтаушы» факторға айналған.Тақырыптың уытыБюджеттен нақты бір мақсатқа бөлінген қаражаттың қолды болып кетуі – біздіңел үшін таңсық оқиға емес.

Жемқор атаулының бәрі биліктің өз адамдары

Мәселенің үлкені мол қаражатты жымқырғаншенеуніктердің кімдер екендігінде, олардың ұсталуында да емес. Осылардың барлығыбұқараның құлағы үшін үйреншікті құбылыстар.

Мыңдаған жемқор халық игілігін жымқырып жатыр. Олардың белгілі бөлігі ұсталыпжатыр. Ұсталғандардың кейбіреулерінің сотталып жатқаны, мойындатылған соманы қайтарыпжатқаны туралы ақпараттар да ұшырасып жатады. Егер ол сомалар бюджетке қайтарылып,бастапқы мақсатқа жұмсалып жатса, ол да бір, көңілге жұбаныш болар еді. Бірақ,бізде осының өзі де буалдыр тартып тұр. Бұл жердегі мәселенің бастысы ұрланған қаражаттыңбұғатталғаннан кейін кімнің қалтасына қонақтауында болып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сөз болғанда метаморфозаның келесі жаңа деңгейінекөңіл аудармасқа болмайды. Жемқордың қалтасынан қайтарылған сома алғашқы мақсатбойынша жұмсалуға бюджетке қайтарыла ма? Мінеки, біз сөз етіп отырған аядағыметаморфозаның ең «қызығы» осында болып отыр.

Сыбайлас жемқорлық үдерісі екі деңгейде жүзеге асырылады.

Шенеунік «А» бюджет қаражатын жымқырды. Оның соңынан түскен мекеменіңшенунігі «Б» оны ұстады. Бірақ, қаражат бюджеттің шығысы туралы бабына сәйкес,бастапқы мақсат үшін қайтарылған жоқ. Бұдан қандай қорытынды шығады? Долбарбойынша, бұдан шенеуніктердің «Б» тобы оны өз қарауынша «екінші бөліске» саладыдеген ой тууы заңды. Әрине, ұстаған топтың өздерінен жоғарғылардың да кеңірдегінқуыс қалдыра алмайтыны белгілі.

Бұл жерде біз «екінші бөлістің» осы амалиятқа қатысушыларға екі жеп биге шығумүмкіндігін алып беру айғағымен ұшырасып отырмыз. Біріншіден, олар қылмысқа өзаяғымен барған жоқ. Бюджеттің кассасына қол салған жоқ. Ұрыдан тартып алды. Олрас. Екіншіден, әшкереленіп қалу қаупін бастан кешірмеген олар, аталған айғақтарғаарқа сүйей отырып, өздерін «арымыз таза» деп есептейді. Екінші бөлістен алған үлесінжемқорлық деп есептемейді. Сондықтан, қорықпайды, кеудесін керіп жүреді. Бұлжерде жемқорлықтың өзі жемқорды «ақтаушы» факторға айналып отыр. Осындай«тиімді» жолмен, әрі ұсталып қалу қаупінен аулақ жағдайда, әрі қалта толтырып, әрі«ары таза» болып шығудан кім бас тартады?

Бұл аядағы метаморфозаның мәнді көрінісі сыбайлас жемқорлықтың жалпыламасипат алуының жемқорлардың гипотетикалық жазадан құтылу амалына айналуыпкетуінде. Құтылу формуласы мынадай: жемқорлық схемасыменастрономиялық қаражат жинап алған киттер мен акулалар көбейген сайын оларды ұстаужәне жазалау мүмкіндігі азая береді. Бұл аядағы қайтарылмау нұктесі осы болыптабылады. Тоқсан тоғыз мың шенеуніктің (https://365info.kz/2016/09/) жәнемиллионнан астам олардың туыстары мен сыбайластарының бәрін ұстау және соттау мүмкінболмайтын жағдайға тіреліп отымыз. Оларға амнистия жарияланады. Ондай шаралар бұрында болған. Демек, жемқор ұсталса да, жазаланбайды. Ұсталғандардыңжазаланып, абақтыда азап шегіп жатқаны туралы ақпарат жоқ. Жазалау бола қалса, ол іріктеу ұстанымымен – ұры кланнантысқары немесе билікке жақпай қалған жағдайда ғана, жүзеге асырылады. Ондайдыбағынышты БАҚ биліктің жемқорлықпен ұтымды күрес жүргізіп жатқанының мысалыретінде жамырай жариялайды.   

Бұдан Қазақстанда жемқорлыққа тиым болмайтынын сезіну қиынемес. Өйткені, жемқор атаулының бәрі биліктің өз адамдары («свой сукин сын»). Билік «өз қолын өзі кесуге» бармайды. Оған тырысып жүрген де ешкім жоқ. Алжемқорлық үдерісті үдете беруге тырысушылардың мерейі үстем болып тұр.

Аңқау бұқара қазіргі билік сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауамалдарын жасап жатыр деп ойлайды. Мүлдем олай емес. Сыбайлас жемқорлық билікиелерінің өмір бейнесіне, қоғамдық қызметі үшін алатын сыйақысының бір бөлігінеайналып кеткен. Олар онсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткен. Биліктің жемқорлықтытоқтатайын деген ойы жоқ. Жоғарғы және орта буындарындағы ұрлықтың ғарыштықцифрлармен өрнектелетін көлемде болып жатқанын жасыратын кезеңнің өзі артта қалды.Енді жасырмайды да. Олардың ойы: «бізде солай екеніне және солай болаберетініне бұқараның құлағы үйренсін. Қайтер екен?!».

Қанағат ЖҮКЕШЕВ,«Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: ernur.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз