Жеті айда 146 мың шетел азаматы Қазақстан төлқұжатын алды
Елордада жеті айдың ішінде шетел азаматтарына 145 965 Қазақстан төлқұжаты (паспорт) мен жеке куәлігі берілді.
Бұл туралы қалалық полция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Махметов мәлімдеді.
«Шетел азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды беру механизмі жетілдіріліп келеді. Биыл 7 айда шетел азаматтарына 145 мың 965 тұлқұжат (паспорт) пен жеке куәлік әзірленіп, берілді. Құжаттарды дайындауға кететін уақыт қысқартылды (жалпы тәртіппен 20 жұмыс күні, жеделдетілген тәртіпте 1 және 3 жұмыс күнінде дайын болады). Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациямен бірлесе отырып өз бетінше жүріп-тұруы қиынға соғатын 128 азаматтың үйіне барып құжаттар рәсімделді», — деді Ербол Махметов полиция департаментінде өткен баспасөз мәслихатында.
ҚазАқпарат хабарлағандай, спикер ендігі уақытта шетел азаматтарынан кейбір құжаттың талап етілмейтінін айтты.
«Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін АХАЖ-бен интеграциялау арқылы жалған құжаттарды анықталады. Сонымен қатар құжаттар әзірлеуде, берудегі әкімшілік және басқа да кедергілер де жойылады. Біз азаматтардан тегін, туған күні мен туған жерін, азаматтығы және басқа да айқындамалық деректерін өзгерткені туралы құжаттарын талап етпейміз. Биылдан бастап жеке басын куәландыратын құжаттарды алған немесе ауыстырған кезде саусақ ізін енгізуді жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жалған құжатпен күресте жұмысты жеңілдетеді», — дейді ол.