Әлеумет

Жетімнің зары: Жезқазғанда үй кезегі жылжымайды

Жезқазған қаласында жетімдер бірнеше жыл бойыбаспанаға қол жеткізе алмай жүр. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»сайтының тілшісі хабарлайды.

Жетімнің зары: Жезқазғанда үй кезегі жылжымайды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандардың кейбірі  мемлекеттен баспана алу үшін 12 жыл бойыкезекке тұрып келген. Олар қалада «жылда жаңа үйлер бой көтергенімен бізгеаядай пәтер бұйырмады» дейді.

Жетімдіктің зарын көрген Александр мен Аленаның бесбаласы бар. Бұл отбасының пәтер кезегінде тұрғанына 11 жылдың жүзі болған.Бұғандейін әр жерде пәтер жалдап күнелтіп келген отбасына шенеуніктер маусымдакоммуналдық үйден бір бөлмені уақытша тұра тұруға беріпті. Алайда бұлбаспананың өзінде тіршілік етуге қолайлы жағдай жоқ.

«Әкімдіктегі мамандар осында бірай тұрасыңдар, сосын үй береміз деген бірақ алты ай өтті, алған баспанамыз жоқ.Бұл бөлменің жуынатын бөлігін өзіміз жөндеп, есіктерін салып алдық. Ал енді күнсуытты. Мұнда әлі жылытқыш батареясы жоқ»,- дейді Алена НАРИЖНАЯ.

Жезқазғанда бүгінгі таңда жетім балалар үйінің 546түлегі пәтер кезегінде тұр. Олардың көбісі 12-10 жыл бойы зарығып баспанакезегін тосумен келеді. Ал әкімдіктегі ақ жағалылар болса,«Жезқазғандақұрылыс қарқыны баяу болғандықтан жетімдердің барлығын бірдей баспанаменжарылқай алмаймыз»деп отыр.

«Арендалық үйлер барлық жердеқазіргі уақытта салынып жатыр. Дегенмен үй құрылысының қарқыны төмен, солсебепті кезекте тұрғандар баспанаға қол жеткізе алмай отыр. Былтырдан бастапқана үйлер салына бастады»,- деп мәлімдеді Жезқазған қаласының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің бастығыҚуанышбек САНСЫЗБАЕВ.

Жезқазғанда жыл басынан бері жеті жетім балаға ғанажаңадан салынған үйден баспана беріліпті.Ал баспанасыз жүрген талай жанғакезегін әлі қанша жыл күтуі керек екені белгісіз.

Фотоларды автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз