Қоғам

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Жетісу облысы Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігі жол апатына түсіп, екі адам көз жұмды.

Жетісу облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

 

Polisia.kz хабарлағандай, 41 жастағы ер адам басқарған шетелдік көлік Алматы — Өскемен тас жолының 203-шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылған.

Оқиға орнында жүргізуші мен оның 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.

Жол-көлік оқиғасы, болжам бойынша, жүргізушінің шаршап, көлік тізгіненде қалғып кетуіне байланысты болған.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз