Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
Сарыөзек – Көктал тасжолының 110-шақырымында екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысқан.
Полицияның алдын ала мәліметінше, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.