Оқиғалар

Жетісуда өзен жағасынан құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіргендер анықталды

Жетісу облысында полиция қызметкерлері Балықты өзенінің жағалауында заңсыз құм-қиыршықтас қоспасын өндіру және тиеу фактісін анықтады.

Полиция

Polisia.kz мәліметінше, рейдтік іс-шараға табиғатты қорғау полициясы, табиғатты қорғау прокуратурасы, Талдықорған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы мен учаскелік инспекторлар қатысты.

Тексеру барысында өзен маңынан табиғи материалды заңсыз өндіруге және тиеуге пайдаланылған трактор мен екі жүк көлігі табылды. Арнайы техника тәркіленіп, трактор арнайы тұраққа қойылды. Жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беру және тиісті шара қолдану үшін Жетісу облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.

Полиция мәліметінше, табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың алдын алу және экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатындағы рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз