Live

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты

Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде «Жылумен және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ қызметкері қаза тапты.

1

Қайғылы оқиға 20 мамыр кешінде Абай мен Чехов көшелерінің қиылысында болған.

Әкімдіктің алдын ала мәліметінше, кәріз құдығын тазалау жұмыстары кезінде газ таралған.

«Соның салдарынан 1982 жылы туған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ал 1986 жылы туған екінші қызметкерді жедел жәрдем бригадасы медициналық мекемеге жеткізді», – делінген хабарламада.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Сондай-ақ зардап шеккен екінші жұмысшының алған жарақатының ауырлығы тексерілуде.

Қала полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі – «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз