Жоғарғы сотта Әйгерім Тілеужанның кассациялық шағымы қаралады
15 шілде күні Жоғарғы сотта журналист Әйгерім Тілеужанның кассациялық шағымы қаралады. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мәлімдеді.
2024 жылғы 15 шілде, дүйсенбі күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында Әйгерім Тілеужанованың кассациялық шағымын қарау өтеді, деп жазды ол facebook парақшасында.
Айта кетейік, Айгерім Тілеужан 2022 жылдың қазан айында Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысты күдікті болғаны хабарланды. Оған ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігімен (зорлық-зомбылықпен, қырғынмен, өрт қоюмен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша айып тағылды.
2023 жылдың сәуір айының басында Тілеужан бұл істі саяси астары бар деп атады.
2023 жылдың 11 шілдесінде сот Тілеужан төрт жылға бас бостандығынан айырылған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Қаңтардың 30-ы күні белсенді Ринат Рафхат қамаудағы саясаткер Әйгерім Тілеужанның денсаулығының нашарлағанын хабарлады.
2024 жылдың 5 наурызында Әйгерім Тілеужановаға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Оның адвокаты Айнара Айдарханова істі жабу керектігін айтты. Полиция Тілеужанова мен колониядағы жанжалдың екінші қатысушысынан жауап алып жатқанын айтты. Кейін Айдарханова Тілеужанға қатысты жаңа әкімшілік іс оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу әрекетіне кері әсер етуі мүмкін деген пікірін білдірді.