Қоғам

Жоғарғы сот: 11 жылды 3 жылға ауыстырды

Елде әділдік іздеп сотқа жүгінетіндер өте көп. Сондай сот ісін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі бас прокурордың наразылығы бойынша қайта қарап, сот актілерін өзгерту қажет деп тапқан.

Жоғарғы сот: 11 жылды 3 жылға ауыстырды

Жағдай былай өрбіген. 2021 жылы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты В.Хан деген азаматты 11 жылға бас бостандығынан айырды. Оған «Интернет ресурстарын пайдалану арқылы адамдар тобы аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу, өңдеу, тасымалдағаны үшін кінәлі» деген айып тағылған. Сотталушының кінәсі басқа сотталғанның жауаптарының бірдей еместігіне негізделген, фотосуреттер мен  хат-хабарлардың мазмұнымен расталмаған.

Стенограммаға сәйкес, Хан қатысқан әңгімеде затты әзірлеу процесі туралы сөз болады, бірақ заттың өзі туралы айтылмайды, психотроптық заттарды тасымалдау немесе өткізу талаптары талқыланбайды. Әңгімелерден сотталушының затты әзірлеуге емес, оны қолдануға қатысқаны көрінеді.

Мұның барлығы сотталушының тыйым салынған заттарды сатуға деген ниетін жоққа шығарады.

Басты назарға алынғаны, сотталушының сотқа дейінгі тергеу барысында және сотта өзіне тағылған айыпты мойындамағаны болды. Басқа да сотталушылар оның қылмысқа қатысқанын жоққа шығарды. Тергеу кезінде Ханнан психотроптық заттар мен оларды әзірлеуге арналған жабдықтар табылмаған.

Осылайша, бұл іс бойынша Ханның өзіне таныс тыйым салынған заттардың әзірленуінен хабардар екендігі ғана нысанды түрде дәлелденген. Ол бұл қылмыс туралы құқық қорғау органдарына хабарламағандықтан, оның әрекеттері қылмыс туралы хабарламау ретінде танылды.

Жоғарғы сот үкімі жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Ханға ҚК-нің 434-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза мерзіміне оны күзетпен ұстау уақыты есепке жатқызылды және оны өтеуіне байланысты сотталушы сол жерден дереу қамаудан босатылды.

Тегтер: Без Тега
Жанна Ақбергенқызы
Жанна Ақбергенқызы Жанна Ақбергенқызы

Оқыңыз