Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 14 Мамыр 2024

Жұмыссыз қазақстандықтар зардап шеккен өңірлерге жұмысқа орналаса алады

а
Фото: из открытых источников

Жұмыссыз қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру бойынша жұмысқа орналаса алады. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар, делінген хабарламада.

Айта кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.

Фото: ҚР Еңбек министрлігі

Тегтер: