Қоғам

Жұмыс істейтін жастарға баспана: Нұр-Сұлтанда бағдарламаға өткендердің тізімі жарияланды

Елордада 2021 жылға арналған «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана» тұрғын үй бағдарламасының нәтижелері жарияланды.

Жұмыс істейтін жастарға баспана: Нұр-Сұлтанда бағдарламаға өткендердің тізімі жарияланды

Бағдарлама бойынша өткендердің арасында екі көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан 800 пәтер бөлінеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Биыл «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға 4863 адам өтінім берді, олардың 800-і жақын арада пәтер кілтін алады.

Нұр-Сұлтанда бағдарлама бойынша өткендердің тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланған .

Үш тізім жасалды:- Іріктеуден өткен (ең төменгі шекті балл – 20);- Резерв (өтінім беруші негізгі талаптар бойынша келеді, бірақ балдар бойынша өтпейді және егер мақұлданған 800-ден бас тарту болған жағдайда, онда резервтік тізімнен өтінім берушілер қабылданады);- Іріктеуден өтпегендер (qatysu.zhilfond.kz порталында жеке кабинеттен бас тартылған);

213 пәтер Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысында орналасқан, оның ішінде:- 1 бөлмелі пәтерлер – 144. Жалпы ауданы: 40,0 — 49,5 м2.- 2 бөлмелі пәтерлер – 69. Жалпы ауданы: 56,7 — 58,7 м2.

Тағы 587 пәтер Абылай хан, Б. Момышұлы және Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан, оның ішінде:- 1 бөлмелі пәтер – 378. Жалпы ауданы: 40,0 — 48,8 м2.- 2 бөлмелі пәтерлер– 209. Жалпы ауданы: 55,9 — 57,5 м2 .

Өтінім берген қатысушылар арасында іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізілді, пәтерлерді бөлу өтініш берушінің отбасы құрамына және жинаған балдарына сәйкес жүргізіледі.

— Бағдарламаның барлық қатысушыларына "Іріктеуден өтті", «Резерв» немесе «Бас тартылды» деген смс-хабарламалар жіберілді.- Бағдарлама бойынша өткендер үшін қоныстандыру уақыты мен күні, пәтердің мекенжайы туралы ақпарат қосымша хабарланады және qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетте орналастырылады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз