Қоғам

Журналист Азамат Омаровқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалды

Астана соты «Ахуал сегодня» YouTube арнасының авторы Азамат Омаровқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандырмады. Бұл жөнінде оның жұбайы Венера Мұстафина хабарлады.

Азамат Омаров

Оның айтуынша, сот журналистің қорғаушысы Төлеген Шайықовтың бұлтартпау шарасын өзгерту туралы жеке шағымын қарап, оны қанағаттандырудан бас тартқан.

«Сот өтінішті қанағаттандырмады. Енді қаулының толық мәтінін күтіп отырмыз», - деп жазды Венера Мұстафина Facebook-тегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 18 шілдеде сот Азамат Омаровты екі айға қамауға санкция берген болатын. Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру») қозғалған іс аясында күдікті ретінде танылған. Тергеудің өзге мән-жайлары жарияланған жоқ.

Омаров қамауға алынғаннан кейін «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры құқық қорғау органдарын журналисті қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болған дәлелдерді жариялауға шақырды. Ал Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл қылмыстық істің сатираға немесе мемлекеттік қызметкерлерді сынауға қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз