Әлеумет

Жыл соңына дейін 8 жатақхана пайдалануға беріледі

Тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру қазіргі таңда ең өзекті мәселелердіңбірі. Бұл ретте Жамбыл облысында соңғыекі жылда орта есеппен жылына 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысыжүргізіліп,2118 пәтер пайдалануғаберілген.

Жыл соңына дейін 8 жатақхана пайдалануға беріледі

Бұдан бөлек өңірдегі баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалыотбасыларды тұрғын үй кезегі жеткенге дейін оларға жағдай жасау үшін 11жатақхана салынып жатыр. Оның 8-і жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі депкүтілуде. Олар Тараз қаласынан бөлек, Шу және моно қалалар Жаңатас пенҚаратауда бой көтеруде.

Жалпы, жамбылдық 2232 отбасы баспанамен қамтылады десек, оның 895-і көпбалалы отбасы.Бұл ретте бастапқы жарнаның бөлігін жабуға бюджеттен 19 миллион теңгеге22 отбасыға тұрғын үй сертификаты беріліпті.

Ал«Нұрлы-жол» бағдарламасы бойынша өңірде 45 жоба іске асырылуда екен. Оның 600шақырымыавтожолдар мен көшелерге күрделі жөңдеулер жүргізужәне жаңасын салу (16,2шақырым жаңа жол салынып, 6,2шақырым қайта жаңғыртылып, 32,6шақырымкүрделі және 550шақырым орта жөндеуден өтеді),оныңішіндеТараз қаласында 138 көшемен бұрылыстарға жалпы ұзындығы 78 шақырымды құрайтын асфальт төселген.Сонымен қатар, көшелергетүгелдеу жүргізіліп, 754көше (835 шақырым)есепке алынды.

Нәтижесінде, жақсы жәнеқанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдар үлесі 85 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Бұл еліміз бойынша жолы жақсы үшөңірдің қатарынан көрінуге мүмкіндік бермек.

Тағы бір айта өтерлігі, Жамбылда бюджеттіңтиімділігін арттыру үшін арнайы Регламентқабылданды. Онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстыңпараметрлеріне қатысты талаптар бекітілген. Нәтижесінде, өңірдегі 134 жобаныңқұны оңтайландырылып, 11 миллиард теңге үнемделген. Мысалы, мединицалық,мәдениет, білім нысандарының құны кемінде 2 есеге қысқарып отыр.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысынжақсарту мақсатында Үкіметтен қолдау тапқан пилоттықжобаның басталғаны белгілі. Ол үшінәр ауданнан бір ауылдық округ таңдап алынған болатын. Осынау жобаға шамамен 8564отбасынемесе 48 мың адам қамтылғалы отыр. Ол үшін республикадан7,2 миллиард теңге несие ретінде бөлініп, бұл несие түріжобаға қатысушы тұрғындарға ең төменгі 2,5пайызбен берілетін болады.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз