Абай атындағы гимназия жұмысын бастады

Сайт әкімшілігі

02.09.2020, 07:32

345

Жаңа оқу жылынан бастап Шымкентте  А. Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі жұмысын бастады.

Бұл туралы бұған дейін онлайн тамыз кеңесінде Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Қаланың бас ұстазының айтуынша, жаңа оқу жылында бірқатар білім ордалары ашылады.

-Жаңа оқу жылынан бастап Шымқалада халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «А. Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» жұмысын бастайды. Мінекей, білім саласы қызметкерлері осындай қуанышқа кенеліп отыр. Дарынды балаларға арналған мектеп қалада орта білім беру саласын дамыту, білім сапасын жоғарылату мақсатында ашылып отыр. Ұлы ақынның есімін иеленген білім ордасынан білімді, алғыр азаматтардың көптеп шығатынына сенім зор,-деді мегаполистің бас ұстазы.

Үшінші мегаполисте білім саласы «ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өңірлік бағдарламамен жұмыс жүргізуде.

Шаһарда білім саласының ағымдағы жағдайына талдау жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламада белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20