Абаттандыру жобалары мақұлданды

Еркежан АРЫН

26.08.2021, 14:07

418

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы абаттандыру жобаларымен танысып, атқарылған жұмыстар мен жоспарларға оң баға берді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін айтты. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

Жобалардың басты мақсаты – қолайлы қалалық жағдай жасау, жасыл қорды сақтау, жаңа саябақ пен қоғамдық орындардың пайда болуына жағдай жасау. Дамыған аймақтың жаяу және рекреациялық аймақтарын іске қосу да негізгі міндеттердің қатарына кіреді. Азаматтардың белсенді демалуы үшін заманауи аймақтарды құру, сондай-ақ әр ауданда жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын құруға да басты назар аударылады.

Ұлан АБДУЛЛАЕВ, «Жасыл экономика» басқармасы басшысының орынбасары:

– Жаңа Алматы алқабын көріктендіру жұмыстары жоспарланып отыр. Алатау ауданы, Наурызбай ауданында Қарғалы өзені су қорғау алқабынан Райымбек даңғылына дейін халыққа қолайлы демалыс орнын салу жоспарлануда. Сонымен қатар Алатау ауданындағы «Зерделі» ықшамауданында 40 гектар аумақты құрайтын үлкен саябақ салу жоспарланып отыр. Боралдай өзенінің бойына жаңадан демалыс орнын салу және Қарағайлы алаңында 63 гектарды құрайтын үлкен саябақ салу жоспарлануда, – деген пікір білдірді.

Қалада 2020 жылдан бастап өзен бойындағы саябақтар мен жағалауларды абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Ал биыл Кіші Алматы өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолының 12 шақырымын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Келесі жылы маршрут 6 шақырым ұзындықтағы Медеуге дейін жалғасын табады.

Сондай-ақ өткен шілде айында «Терренкур» жаяу жүргіншілер аймағы ашылды. Бұл аймақ жергілікті табиғатты сақтай отырып, заманауи әдістердің көмегімен ұйымдастырылды. Сонымен қатар Үлкен Алматы өзенінің бойында Тұңғыш президент саябағынан Сайран суқоймасына дейін жағалаулар жобасы қарастырылып жатыр.

Президент Сайранды жақсарту үшін кешенді шешімнің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ал көл айналасындағы 50 гектар аумақ табиғи ландшафты сақтайтын құралдармен жабдықталады.

«Өжет» және «Боралдай» шағынаудандарындағы жағалауды көркейту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. «Көкмайса» ықшамауданындағы Есентай өзенінің жанындағы демалыс аймағын абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Абай атындағы опера және балет театры мен «Неделка» субұрқағының жанындағы алаңдарды қалпына келтіру, Қастеев мұражайы жанындағы субұрқақты жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Қаланың орталық бөлігінде тарихи келбетті сақтау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ал «Жаңа Алматының» аумағында жаңа саябақ алаңдары салынуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39