Агроиндустриалды аймақ құрылады

М.СӘУЛЕБЕК

29.10.2020, 03:31

912

Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілгеніне екі жылдан асты. Облыс орталығынан мегаполис құрудағы  түпкі мақсат – халқының саны өте тез өсіп келе жатқан Шымкентті үлкен экономикалық, мәдени орталыққа айналдыру ғана емес, республикалық бюджетке қарап, алақан жаймайтын, яғни өз қажетін өзі өтей алатын қала деңгейіне жеткізу болатын. Шымкент алдағы 3-4 жылдың көлемінде дотациялық өңірден донорлық өңір дәрежесіне көтеріледі, деген жоспар бар. Осы межеге қол жеткізу үшін үлкен жобалардың қолға алынып жатқаны рас.

Аталған мерзімде Шымкент донор қалаға айнала ала ма, жоқ па? Бұған әзірге, жауап беру қиын. Алайда үшінші мегаполис алдағы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін қалаға айналады деген сенім мол. Бұған Шымкенттің жылы табиғаты, ауыл шаруашылығының жақсы дамығандығы, осы салада тың технологиялардың қолданылып жатқаны әсер етіп отыр. Мегаполисте, әсіресе, жылыжай өндірісі жақсы жолға қойылған.

Қазіргі уақытта мегаполисте 2 агроиндустриалды аймақты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, көліктік-логистикалық орталық маңындағы  136 гектар аумақта заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салуға жер бөлінді.  Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, бірінші кезеңде қарастырылған жобаларға өнеркәсіптік жылыжай кешенін салатын 8 инвестор анықталды. Оларға жер 12 жылға жалға берілді. Қазіргі таңда инвесторлармен келісім шартқа тұрып, жерді тегістеп, дайындау жұмыстары басталды. Ал екінші кезеңде 60 гектар жылыжайды құрайтын 20 жоба жүзеге асырылатын болады.  

Сонымен қатар қаланың тиімді орналасуы  көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте, құрылған көліктік-логистикалық орталықта 60,1 мың шаршы метр болатын мұздатылған қоймалар пайдалануға берілді. Аталған орталықта көтерме тарату орталығын құрып, өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, сұрыптау, буып-түю, фито-санитарлық бақылаудан өткізу, тауар партиясын қалыптастырып, экспортқа жіберу жұмыстары жоспарлануда.

Шымкент қаласындағы агроиндустриалды аймақта іске асырылатын жылыжайлардың құрылысымен жақында қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып, танысқан болатын. Осында жеке инвесторлармен, шаруа қожалығы басшыларымен жиын өткізді. Жиында белгілі болған мәліметтерге қарағанда, І кезең 2020-2021 жылдар аралығын қамтиды. Бұл мерзімде агрондустриалды аймақтағы жалпы, жүзеге асырылатын жобалардың құны 9,4 миллиард теңгені құрайды. Екінші кезең 2022-2025 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде жүзеге асырылатын 20 жобаның жалпы құны 21 миллиард теңге деп есептеліп отыр. Аталған жылыжай кешендері толығымен іске қосылғанда, бір мыңнан аса адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұдан бөлек, Қайнар бұлақ тұрғын алабы маңында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрамажем өндіретін және сүт зауыттары салынады.

Мамандардың айтуынша, Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 миллиард 491 миллион теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес, 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілген. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының берген мәліметіне қарағанда, оның ішінде, егін шаруашылығына – 89,8 миллион теңге, мал шаруашылығына – 230,4 миллион теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 миллион теңге, инвестициялық субсидия бағытына – 648,4 миллион теңге, ауыл шаруашылығы малын, техника және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 67 миллион теңге берілген. Нәтижесінде, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 27 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 2,6 миллиард теңгеге артқан.

Сонымен бірге, алдағы уақытта Шымкент қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясы жасалады. Бұл жөнінде қала басшысы Мұрат Әйтеновтың М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарымен кездесуінде айтылды.

Кездесу барасында университет ғалымдары әкімді өздері дайындаған жобаларымен таныстырды. Қаланы көгалдандыру бойынша 5 жоба бар. Атап айтқанда, «Ботаникалық бақ», «Жасыл белдеу», «Көшелерді көгалдандыру» және «Этнопарк». Кездесуде аталған жобаларды бюджеттен қаржыландыру, сондай-ақ оны іске асыру жолдары талқыланды. Ғалымдар өндіріс бойынша екі жоба әзірлеп отыр. Бұлар кальций корбанатын алу және минералды тыңайтқыштар жасау мен өндірудің жаңа технологиясына қатысты.

Жобалардың әрбірінің құны 300 миллион теңгені құрайды.  Өндірістік жобаларға Kazakh Invest ҰК АҚ арқылы шетелдік ғалымдарды тарту көзделіп отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ұсыныстарын зерделеген қала әкімі Мұрат Әйтенов іске асырылатын жобалардың ішіне ирригация мәселесін де ендіруді және ғалымдарды тарта отырып, арнайы жұмысшы тобын құруды тапсырды.

Тегтер: ауыл шаруашылығы агроиндустрия өнеркәсіп жоба инвестор өндіріс жылыжай гектар қойма орталық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Палодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Сайт әкімшілігі 11:56
Мектептегі «Мемлекеттік қызмет көрсету» қағидаттарының орындалуы жетілген
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56