Әйтенов «Бозарықты» бітірді

Б.ЕРНАЗАР

02.09.2021, 10:52

1018

Шымкентте 2016 жылдан бергі аралықта жыр болған мегаполистегі электр энергиясына қатысты проблемаларды шешеді деген  «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Жаңа нысанның лентасы осы аптада қиылды.

Конституция күні аясында өткен салтанатты шара барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне нысанның стратегиялық маңызы жөнінде мағлұмат берді. Шаһар басшысының айтуынша, құрылыстың соңғы сатысында кешенге электр қуаты беріліп, 72 сағаттық мерзімде техникалық сынақ жұмыстары жүргізіліпті. Сынақ сәтті өтті.

«Бозарық» қосалқы электр станциясы қаланы жарықпен қамтамасыз ететін негізгі кешен саналады. Ол қуаты 110/35/10 кВ болатын бес қосалқы электр станциясының қосылу көзі болып табылады. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары бұған дейін аяқталған.  Қазір «1-М-1» станциясының құрылысы жүріп жатыр, сонымен бірге «Ынтымақ» қосалқы станциясының жобалау-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілді.

Кешеннің іске қосылуымен «Асар-2», «Тұран», «Ынтымақ-2», «Солтүстік саяжай», «Батыс», «Бозарық», «Қайнарбұлақ», «Шымкентсити», «Достық», «Нұрсәт» шағынаудандарында электр қуатының сапасы артады.

— Бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігі мәселесін шешеді, – деді М.Әйтенов.

«Бозарық» қосалқы электр станциясы мегаполистің құрылысы қарқынды жүріп жатқан  солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз етпек. Мұнда жаңа шағынаудандар бой көтеріп, жаңа өндірістік аймақтың іргесі қаланған.

Жалпы, «Бозарық» станциясының құрылысы 2015 жылдан басталды. Осы жылы станцияның құрылысына мемлекеттік сатып алу өтіп, «Шымкентхиммонтаж» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Бөлінген қаржының көлемі 6,5 миллиард теңгеден асады. Құрылыс 2016 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болатын. Алайда мердігер мойнына алған міндетін толық орындаған жоқ. Естеріңізде болса, 2017 жылдың басында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Осы істе Қызылордадағы әйнек зауытына қатысты эпизод қаралған болатын. Ал әйнек зауытының құрылысын жоғарыдағы әңгіме еткен «Шымкентхиммонтаж» фирмасы жүргізген. Мердігер істі болған соң, «Бозарық» қаңтарылып қалды. Сол жылдың наурызында Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мердігермен арадағы келісімшартты сот арқылы бұзды. Тендер қайта өткенімен, кейінгі мердігерлердің жұмысы да өнімді бола қойған жоқ.

2018 жылы Шымкенттің сол кездегі әкімі Нұрлан Сауранбаев халыққа берген есебінде «Бозарық» қосалқы станциясы биыл бітеді» деп уәде берген болатын. Бірақ құрылыс бұл мерзімде аяқталған жоқ. 2019 жылы «Бозарықты» биыл бітіреміз» деген сөз одан кейінгі әкім Ғабидолла Әбдірахымовтың да аузынан шықты. Алайда нысан ол жылы  да іске қосылмады.

Былтыр ақпанда халыққа берген есебінде қаланың жаңа әкімі Мұрат Әйтенов  «Бозарықты» жыл соңына дейін пайдалануға береміз» деген еді. Алайда нысан құрылысы биыл аяқталды.

       «Бозарық» қаланың электр жүйелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай жеңілдетіп, жарықтандыруға қатысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша,  қазіргі уақытта көшелерді түнгі жарық шамдармен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандыру құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылып жатыр. Бұл кешкі мезгілде қала қауіпсіздігі мен көркіне оң септігін тигізбек. Бүгінгі таңда мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 228-і жарықтандырылған. Яғни көрсеткіш 43,4 пайызға жетіп отыр.

Тегтер: тендер мемлекеттік сатып алу мәселе жемқорлық рейдерлік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 19.01.2022, 15:33
Шымкент: шығын әлі есептеліп жатыр
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 18.01.2022, 15:30
БҚО-да бір полицейдің мұрны қанамады

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48