Әкімдік маманы миллиондарды жымқырыпты

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

16.11.2020, 08:59

2192

Қызылорда қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Сырдария ауданының әкімі мен аудан әкімі орынбасарының тәртіптік істері қаралды. Лауазымды тұлғалар күзгі егін жинау науқаны кезінде шаруа қожалығының жұмысына араласып, өздерінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған. Кеңес мүшелері, олардың іс-әрекеттерін құқықтық жағынан бағалай отырып, аудан әкіміне қатысты тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылдаса, Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін аудан әкімі орынбасарын «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасына тартуды ұсынды.

Бұдан кейін, мемлекеттік сатып алу заңнамалары талаптарын бұзған 5 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік істері қаралды. Яғни, Жаңақорған аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының, осы бөлімнің 2 бас маманының және Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы мен бас маманының тәртіптері талқыға түсті. Лауазымды тұлғалар шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсеткен. Олардың тәртіптік істерін жан-жақты қараған Кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген қызметкерлерге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын берді.

Сонымен қатар, Жаңақорған кенті әкімінің тәртібі де әдеп таразысына түсті. Кент әкімі ресми шара өткізу барысында карантиндік талаптарды ескермеген. Оның карантиндік талаптарды сақтамауы әлеуметтік желі қолданушылара тарапынан сынға алынып, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірілген. Кеңес мүшелері Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін кент әкіміне де «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын беруді ұсынды.

Ал «Antikor ortalygy» атты сервистік орталықта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ерсейтов пен департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов Zoom платформасы арқылы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А.Қошалақов, сонымен қатар кент және ауылдық әкімдерімен кездесу өткізді. Онда «Көмекбаев ауылдық  округі әкімі аппараты» ММ-нің жетекші маманына ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен тергелген қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсыныс қаралды.

Бұл жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтін қолдануда есепші-маманға басшылар тарапынан бақылау болмауынан орын алып, мемлекетке 3 634 292 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Кездесу барысында, ауылдық әкімдерге алдағы уақытта екінші қол қою құқығына ие тұлғаға, яғни мекеменің есепшісіне электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін беруге шектеу қойылып, ведомстволық акті негізінде оны қолданудың тәртібін бекіту, Қармақшы ауданы әкімі аппаратына қарасты мекемелердің қызметіне тиісті тексеру жүргізіп, қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершіліктерін шешу ұсынылды.

Тегтер: жемқорлық пара сыбайлас жемқорлық заңсыздық тергеу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42