Алматы облысында карантинді ұзартуға қатысты жаңа қаулы жарияланды
Сайт әкімшілігі
20.11.2020, 14:40
1393
Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің жаңа қаулысы жарияланды. Бұл өңірде карантин ұзартылды.
«Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», — делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.
Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.
Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:
- 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана,
- кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
- саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
- ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
- оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
- ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.
Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.
Тегтер:
карантин блокпост аумақ шектеу
Арайлым ЕРКЕБАЕВА
27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі
26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі
26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі
26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ
26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет