11.03.2021, 18:18
679
Бүгін «АрселлорМиттал Теміртау» зауытына қарасты №2-жылу энергия орталығында болған жарылыстан зардап шеккен қос азаматтың жағдайы әзірге бір қалыпты. Еңбек инспекциясы оқиғаның салдарын тексеруді қолға алды. Ресми мекеме Қазақстан Республикасының еңбек заңнамалары нормаларына сәйкес бас мемлекеттік еңбек инспекторы өкілдерімен комиссия тағайындады. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова, журналистерге жазатайым оқиғаның себебі анықталған соң қосымша хабарланатынын жеткізді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР