26.08.2020, 12:43
258
Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер 138 қылмыстың бетін ашқан. Ал, бір тәулік ішінде сыртқы бейнекамералар арқылы 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тіркелген тәртіп бұзушылық негізінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, құқық бұзушының мекенжайына жолданған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР