«Арзан» деп, алаяққа алданбаңыз

Сайт әкімшілігі

18.11.2021, 13:03

485

Түркістан облысы Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысына сеніп ақша беріп, соңында сан соғып қалғанын хабарлаған.

Жас жігіттің айтуынша, оның көлік алып-сатумен айналысатын танысы Алматы қаласындағы ломбардтардың бірінен арзан бағада «Hyundai Elantra» маркалы автокөлігін 3 500 000 миллион теңгеге алып беремін деп әбден сеніміне кірген. Содан тұрғын 2 миллион теңгені қолма-қол, қалғанын банктердің мобильді қосымшалары арқылы берген. Бес айға жуық көлігін күткен тұрғын, ақыр соңында ақшасын да ала алмай қалған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Түркістан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабар алысымен келестік полицейлер жәбірленушінің жауабына сәйкес күдіктінің жеке-басын анықтау, оны ұстау шараларын шұғыл жүргізді. Үш күн бойы үзіліссіз қажетті іс-шараларды атқарып, нәтижесінде күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады. Ол мегаполистің тұрғыны, жас жігіт болып шықты. Белгілі болғандай алаяқ ер адам, тұрғыннан алдап алған ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары Келес аудандық полиция бөлімінде жүргізілуде. Күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Тегтер: қылмыс оқиға тергеу тексеру сот

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 19:13
Шымкенттегі жарылыс: Оқиға салдарынан бір нәресте шетінеді
Сайт әкімшілігі 21.05.2022, 18:29
Шымкент:Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг берді
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 20.05.2022, 11:50
Кәсіпкерлік ортаның бәсекесі қыза бастады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.05.2022, 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда

Аңдатпа


  • Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
    10:30
  • Мусин міз бақпайды
    19.05.2022, 08:52
  • Сор болған стрестік активтер
    19.05.2022, 08:56
  • Балалар жылында балалар неге шеттетіледі?
    19.05.2022, 08:40
  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20