БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

02.06.2023, 07:55

4417

Осокаров ауданындағы Жансары ауылдық округіндегі ферма өндірісі неміс технологиясы бойынша мұздатылып кептірілген бие сүтін шығарады. Неміс технологиясы бойынша дайындалатын саумал ішкі ғана емес, сыртқы нарыққа жолдама алған.

-Біз негізінен қазақ тұқымды жылқыларды ұстаймыз. Меншігіміздегі қамбар ата түлегі 1500-ден- 2300 басқа өсті. Биыл кептірілген бие сүтін 10 мың тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Импорт нарығының аясы кеңейіп келеді. Қазіргі кезде Дубайдағы тұтынушылармен келіссөз жүргізіп жатырмыз,-деп мәлімдеді «Еуразия Инвест ЛТД» ЖШС -нің құрылтайшысы Иван Георгиади.

Серіктестік саумалмен қатар, өсімдік шаруашылығын дамыту ісін бастаған. Биыл 12 мың гектар жерге егін септі. Осы шаруашылықты ілгерлету үшін заманауи техникаларын сатып алған.

-Келесі жылы егін алқабын 15 мың гектарға ұлғайтып, сонымен қатар суармалы жерлерді дамыту бағдардарламасы аясында өз ісімізді бастамақпыз. Оған шамамен 2,5 млрд теңге инвестиция салу ойда бар,-деді фермерлік шаруашылықтың құрылтайшысы И. Георгиади.

Өндірістің дамытуы жаңа жұмыс орындарын ашылуға септігін тигізуде. Қазіргі кезде мұнда 100-ге тарта адам еңбек етуде. Мұндағы жұмыс процесі автоматтандырылыған жүйеге қосылған.

Бүгін Оскоров өңіріне сапармен барған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев аталған кәсіпорынға барып, өндірістің алдағы жоспарымен бөлісті және жаңа технология бойынша жұмыс істеп жатқан еңбекшілермен кездесті.

Айта кетерлігі, Осокаров шаруалары биыл астық және картоп алқаптарының көлемін ұлғайтқан. Аудан бойынша 444 мың гектар жерге егін мен дәнді- дақыл отырғызылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 13:15
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 16.09.2023, 12:52
Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:30
Жетісуда көлік жылқыға соғылып, бір адам көз жұмды
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:20
Ливияда болған су тасқыны құрбандарының саны 11 мыңға жетті
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 10:53
Ақтөбе — Қызылорда тас жолының құрылысы 2024 жылы басталады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 16:45
5 қарашада 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімі сайланады

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55