Бассыздық емей, немене?

Мариям МАҚСАТ

01.06.2021, 14:11

2381

Ащы суға «бүйрегі бұратындар» азаймай тұр

Павлодар облысында шенеуніктердің жұмыс уақытында ащы суға сылқия тойып алуы тыйылмай тұр. Бұған дейін бірнеше мемлекеттік қызметші сол үшін жұмыстан қуылғанымен, бұл жағдайлар өзгелерге сабақ болмаған сыңайлы. Тентек суды сіміріп алған күйі көлік тізгіндегендері былай тұрсын, прокуратура ғимаратында үстел жайып, ішімдік ішуді шығарды.

Павлодар облысына қарасты Железин ауданының ішкі істер бөлімінде жұмыс істейтін 28 жасар майор Рахым Оңбаевтың прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атқаны туралы жағдай дүйім жұртты дүр сілкіндіргені рас. Болашағынан зор үміт күттіретін жас полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болуы мүмкін деген сауал қоғамда қызу талқыланды.

Рахымның әкесі Нұрлан Оңбаевтың айтуы бойынша, 23 мамыр, жексенбі күні оның баласын прокуратураға бірнеше рет шақырған. Рахым сағат кешкі алтыға қарай кейбір құжаттарға қол қою үшін тағы да прокуратураға барады. Ал араға бірнеше сағат салып, оның ауруханаға түскені туралы хабар жетеді.

— Рахымның айтуынша, прокуратураға барғанда сол мекеменің шенді қызметкерлерінің үстел басында ішімдік ішіп отырғанын байқаған. Соған қатысты сын айтқан болса керек. Кейін қызметкерлер арасында сөз таласы туындапты. Прокурорлар балама тіл тигізіп, балағаттаған сияқты. Әйтпесе Рахым өз-өзіне оқ атпас еді. Жалпы, прокурордың жаңа көмекшісі келгелі балама күн көрсетпеді. Негізсіз тиісіп, жұмысқа шақырып алатынды шығарды. Түн ортасында қоңырау шалып, тез арада прокуратураға келуін талап етіп, көмекшінің өзі келмей қоятын. Бәрінен де Рахым жерде қансырап жатқанда прокурорлар жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетудің орнына үстелдегі ішімдікті жинап, камерадағы жазбаларды өшірумен әуре болғаны қанды қайнатады. Сол кезде жергілікті полиция басшысы жұмыс бабымен прокуратураға келіп, дәрігерлерді шақырмағанда жағдай басқаша болар ма еді. Енді баламды кінәлі қып көрсетіп, қызметтен шығарып, прокурорларды сүттен ақ, судан таза қыла ма деген күмән бар, – дейді Нұрлан Оңбаев.

Белгілі болғандай, Железин ауданының прокуроры Кәрім Шұғаев – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Шұғаевтың баласы, жақында ғана Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалған Жанат Шұғаевтың бауыры. Ал оның көмекшісі – осыдан үш апта бұрын тағайындалған Әлібек Айтжанов. Бұл есім жоғары лауазымды шенеуніктерге жақсы таныс. Талғат Ермегияев, Қуандық Бишімбаевтарға қатысты ірі сот істерінде Әлібек Айтжанов мемлекеттік айыптаушы болған. Бірақ Железин ауданындағы Әлібек Айтжанов дәл сол прокурор ма, жоқ па – әзірше белгісіз. Оқыс оқиғаның болғанына бір аптадан астам уақыт өтсе де, Павлодар облыстық прокуратурасы бұл іске қатысты қандай да бір мәлімдеме жасап, ақпарат беруге асығар емес. Журналистерден сұраныс хаттарды да қабылдамайды. Осылайша аудандық прокуратура ғимаратында ішімдік ішудің соңы үлкен дауға ұласты.

Облыста кейбір прокурорлар ғана емес, депутаттар да ащы суды «жақсы көреді». 25 мамыр күні таңғы сағат бес шамасында жол полициясының қызметкерлері «Toyota Camry» маркалы көлігін тоқтатқан. Белгілі болғандай, бұл автокөлік техникалық бақылаудан өтпепті. Көліктің иесі өзін басқа адамның есімімен таныстырған. Тіпті алкоголь иісі шығып тұрғанына қарамастан, медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Кейін көліктің жүргізушісі облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әбішев екені анықталды. Полицейлер құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік кодекстің 613-бабы бойынша хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен отырыс барысында депутат кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік иісінің шығуын құрамында спирті бар препаратты ем үшін қолдануымен байланыстырды. Сол сәтте өзін нашар сезініп тұрған соң, медициналық куәландырудан бас тартқанын айтты. Бірақ сот отырысы кезінде бұл сөздеріне нақты дәйек келтіре алмады.

Сот шешімі бойынша Қайрат Әбішев кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.  Кейін «Nur Otan» партиясы депутатты партия қатарынан шығарды. Сөйтіп, ірі шаруа қожалығы басшысының басы бәлеге қалды.

Әрине, атқамінерлерге «ішімдік ішпе» деп тыйым салатын құқығымыз жоқ. Бірақ жұмыс орнында ащы суды сылқиту шектен шыққан іс. Тентек суға тойып алған күйі көлік тізгіндеу де жауапсыздықтың нақ өзі. Құқық қорғаушылар айтпақшы, мас жүргізуші кез келген уақытта қылмыскер атануы мүмкін. Сондықтан атқамінерлердің «Бедел, абыройым, ақшам, лауазымды қызметім бар. Маған кім не істер дерсің?!» деген ойдан аулақ болуы бүкіл қоғамға тиімді болар еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39