Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ

25.11.2020, 17:22

1299

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында осылай деп мәлімделді. Апта басында азық бағасының күрт көтерілуі жергілікті билікті осындай қадамға мәжбүрлеп отыр.

«Ел ырысы» деп аталатын мини-маркеттер желісінде тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік маңызы бар тауарлар және облыс кәсіпкерлерінің өнімдері төмен бағамен халыққа сатылмақ. «Алдағы жылдың аяғына дейін қаланың әр жерінен осындай 30 дүкен ашуды көздеп отырмыз. Күні бүгін он дүкен жұмыс істеп тұр. Арзан бағамен тауарын ұсынамын деген кез келген кәсіпкерге ол жерде есік ашық. Біреулер ойлағандай, біз бизнестің ісіне тікелей араласпаймыз. Мақсатымыз тек тұрғындарға төмен бағамен өнім ұсыну», — деді М.Манкеев. Мини-маркеттер құрылысы бюджеттен қаржыландырылып, біткесін кәсіпкерлерге жеңілдетілген төлеммен жалға берілмек.

            Дүкендер ашудан бөлек, БҚО әкімдігі бағаның өсуін тоқтату, тұрақтандыру бағытында ел Үкіметіне жеті ұсыныс жолдаған. Оның қатарында: жергілікті тауар өндірушілері тұтынатын электр қуатын субсидиялау; тұрақтандыру қорына өніммен қоса, шикізат сатып алуға рұқсат беру; жергілікті өндірушілерге бюджеттен төмен ставкамен несие беру; өнімді немесе шикізатты теміржол арқылы тасымалдау тарифін төмендету; Қазақстаннан күнбағыс дәні мен бидайды экспорттауға тыйым салу бар. Бұлардың қаншасы мақұлданатындығы уақыттың еншісіндегі шаруа.

Тегтер: азық-түлік қымбатшылық баға саясаты нарық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:01
Қазақстанның құқықтық саласы дамып келеді
Еркежан АРЫН 08:40
Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді
Б.СӘРСЕНБИ 23.07.2021, 16:06
Батысқа көмек! Оңтүстік осындай ұранмен Маңғыстауға жемшөп жіберіп жатыр

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55