Ерікті болу еріккеннің ісі емес

Бақыт ТІЛЕГЕН

20.10.2021, 18:42

470

Еріктілік пен қайырымдылық – кең ұғым. Ерікті болу, біреуге қайырымдылық жасау еріккеннің ісі емес. Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет» — деген болатын.

Елімізде еріктіліктің дамып, күн сайын әлеуетінің артуы бәрімізді қуантады. Біздегі еріктілік қандай деңгейде? Жастардың ерікті болуға құлшынысы қандай? Бұл туралы Шымкенттегі Y-PEER Kazakhstan еріктілер орталығының мүшесі Әмина Жұмамұрат толық баяндап берді. Алдымен Әминаның өзін таныстыра кетейік.

Ол 1998 жылы Шымкент қаласында журналистер отбасында дүниеге келген. Музыкалық мектепте скрипка және хореография сыныптарында білім алыпты. Оны бітірген соң Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Театр, кино және теледидар» факультетіне түсіп оқыған. «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша қызыл диплом иегері.  2010 жылдан бері Y-PEER халықаралық еріктілер желісінің тренері.

Әминаның айтуынша, еріктілер орталығы2003жылы Шымкент қаласында Қазақстан іскер әйелдері

қауымдастығының жанынан «жастар» еріктілер қанаты болып ашылып, алғашқы шараларын сонда бастапты. Кейін орталықтың керегесі кеңи келе, 2010 жылы «Достар» еріктілер орталығы болып ресми түрде тіркелген. Үкіметтік ұйым емес. Ал биылдан бастап Y-PEER Qazaqstan қоғамдық қоры болып аталады.

Қордың негізгі мақсаты – жас өспірімдерге және олардың денсаулығына деген көзқарасты өзгерту. Оларды дұрыс ақпараттандыру арқылы жақсы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Жастарға білім беру, адам құқығын дамыту, оның ішінде жастардың көшбасшы болу дағдысын дамытуға баса

назар аудару. Салауатты өмір салты, репродуктивті өмір

салтын сақтау, адам құқықтары, гендерлік теңдік, зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың алдын алу сынды мәселелерді

көтеру.

Қорда 14-29 жас аралығындағылар жұмыс істейді. Әмина Жұмамұрат «Оларға дәлелдері бар ақпарат беруді қадағалаймыз.

Осы аталған бағыттарды жастарға үйрете отырып, волонтерлікті дамытуды көздейміз. Біздің бағыт бойынша барлық ақпаратпен

қамтылған ерікті тренер деген атауды иеленеді» — дейді.

Аталған қайырымдылық орталықтың негізгі жұмысы –

ақпараттандыру. Ә.Жұмамұрат «Біз өз жұмысымыздың тиімді іске

асырылуын жіті қадағалаймыз. Біздің орталықта «форум-театр»

жиі ұйымдастырылады. Біздің еріктілер театрландырылған

қойылым арқылы жастарға пайдалы контент жасап, олармен бетпе-бет кездеседі. Өткір және өзекті мәселелерге отбасы мүшелерін қатыстыруды, бірге зерттеуді, бірге емделуді талап етеді. Бұл шаралар

пандемия кезінде де зерттелді. Сонымен қатар, тренингтер өткіземіз. Танымал блогерлермен сұхбаттасу сынды мотивациялық кездесуге кез келген адам қатыса алады. Біздің тренингтер пандемия кезінде тоқтап қалған жоқ. Пандемия онлайнконференция сынды жаңа

үлгідегі бағдарламалармен тез әрі тиімді жұмыс істеуге үйретті» — деп мән-жайды баяндады.

Олардың бірнеше қалада жұмыстарын қадағалап, талқылап, өз ойларын ортаға салып отыратын арнайы чаты бар. Бүгінде осындай

онлайн формат әр түрлі мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Пандемия кезінде БҰҰ халық қоныстануы бойынша қор (UNFPA) қолдауымен орталық беретін ақпаратты толық қамтитын онлайн платформа жасап шығарған. Бұл платформада үйден шықпай-ақ ақпараттың барлығын үйреніп шығуға болады.

Орталықта қатарға қосылып жатқан жастарға ақылын айтып, үлгі көрсететін жасы үлкен еріктілер бар екен. Оларды жасына қарай

бөлмейді. Ерікті боламын деген адамды қуана-қуана қатарларына қосуға дайын. «Бүгінде бізде 20-дан астам ерікті білімін жетілдірді. Бізге жаңадан келген ерікті кемінде, бес күннен кейін барып қатарға қосылады. Ең алдымен, ол біздің ұйымның тренерлері беретін сабақтан дәріс алуы керек. Осылайша жұмыстың қыр-сырын үйренеді» — деп атап өтті.

Еріктіліктің дамып келе жатқандығы кімді болсын қуантады. Өйткені қазір жастар өте белсенді. Ең алдымен, еріктілер қатарын көбейту үшін, еріктілікті трендке айналдыруымыз керек. Мысалы, шетелде жұмысқа орналасқанда немесе оқуға түскенде үміткердің ерікті ретінде атқарған жұмысы іріктеуде үлкен рөл атқарады. Y-PEER -, бұл жастарға арналған халықаралық еріктілер желісі. Қазір тәжірибе алмасу үрдісі жалғасын тауып жатыр. Әмина Жұмамұрат «Біздің жастар өте белсенді, жігерлі, жалынды. Сондықтан еріктілер қатары жыл сайын көбеймесе, азаймайды. Ал ерікті боламын деген әрбір жасқа сәттілік тілеймін» — деп сөзін аяқтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30