Мешіт имамы сотталды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

29.07.2021, 09:18

2364

Осы жылы қыста  ұсталған  ауыл мешітінің имамына қатысты қылмыстық іске сот соңғы нүктесін қойды. 

Қарағанды облысындағы ауылдың бірінде молла болып жүрген 40 жастағы ер адам ауылдағы танысының мал шаруашылығына көмектесіп жүріп, сол үйдің 2006 жылы туған қыз баласын 2020 жылы  қаңтарда  зорлаған.

Имам атын жамылған қаскөй үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып қысым көрсеткен. Сотталушы ақпан, наурыз,  маусым айларында тағы үш рет қыз баланы зорлаған. Ересектерге қысым көргенін айта алмаған қыз бала жүкті болып қалған.

Осыдан кейін шу шығып имамның қылмысы әшкере болған еді. Күдіктінің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің  айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімімен айыпталушы жас баланы, оның дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет зорлағаны үшін айыпты деп танылып,  20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ол  жазасын  қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сотталушыға педагогикалық  және кәмелетке толмағандар мен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Айыпталушы бала кезінен үшінші топтағы мүгедек болған. Бұрынғы ауыл имамы қылмысын сотта жартылай мойындаған. Бүгінде сот үкімі күшіне енген жоқ.

Тегтер: сот үкімі ауыл имамы мешіт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 13:30
Мемлекеттік қызметшілер қандай төлемдер мен бонустар алады?

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39