Одан да Грузияда демалған мың есе артық екен
22.06.2021, 15:35
17698
Биыл да жазғы демалысында Алакөлге барайын деп отырған халықтың көңілі су сепкендей басылды. Жылда осы ғой. Пойызға билет жоқ! Мүлдем! Ұшаққа билет тапқан күннің өзінде, бағасы удай. Барғандар биыл ол жақтағы бағалардың да күрт көтерілгенін айтып қынжылады. Алакөлге барар жолдың сиқы қандай екенін бәрі біледі. Ал, барып көр, енді Алакөлге.
– Шамамен бір айдан кейін Алакөлге бармақ болған туыстарым енді сол райынан қайтып, Грузияға барып демалуды жоспарлап отыр. Иә, Грузиядағы демалыс Алакөлден сәл қымбатқа түсер, бірақ сервисі қандай керемет! Осылайша іс жүзінде Қазақстан азаматтары қалтасындағы ақшасын өз елінің экономикасына емес, басқа мемлекеттің экономикасына салып жатыр. Сорақысы, сөйтуге мәжбүр еткен өз елінің билігі. Талай жыл бойы туризмді дамытамыз деп, аузын кере сөйлеуден жалықпайтын жарымес билігі. Өте өкінішті, – дейді экономист Қазбек Бейсебаев.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР