Облыстық «Полиглот» байқауының үздігі анықталды

Сайт әкімшілігі

15.09.2021, 00:08

486

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіазаматтық қорғау саласындағы қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын тойлау және үш тілді жетік меңгерген азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерін анықтау мақсатында облыстық «Полиглот» байқауын өткізді.

Байқауға 12 қызметкер өтінім білдіріп, финалда 10 үміткер өзара бақ сынады. 3 кезеңнен өткен байқауда қызметкерлер «Тәуелсіздік-тірегім» тақырыбында бейнеролик түсіріп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» тақырыбында мақала жазып, БАҚ құралдарына жариялап, Тәуелсіз Қазақстан жайында сұрақтарға жауап берді. Байқауға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Е.Т.Сарыбаев.Түркістан қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Р.А.Шерова, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ж.Н.Оразбаева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы А.Б.Сұлтан, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы Г.С.Серік қазылық етті.

Білімдері мен алғырлықтарын, жүйріктіктері мен өнерлерін ортаға салған бұл байқауда жүлделі 3-орынды ТО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маман а.қ. аға лейтенанты Заңғарбек Бақтиярұлы, Түркістан қаласының ТЖБ аға инженері, а.қ. аға лейтенанты Мейрамхан Бақытұлы, Кентау қаласының ТЖБ аға инженері а.қ. аға лейтенанты Қуаныш Нұралыұлы, 2-орынды ТО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы а.қ. аға лейтенанты Асылбек Ақылбекұлы, Сайрам аудандық ТЖБ инженері, а.қ. аға лейтенанты Абылайхан Есболұлы, 1-орынды ТО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, а.қ. аға лейтенанты Бақдаулет Абытұлы иеленді. Жеңімпаз атанған Бақдаулет Абытұлы ендігі уақытта республикада Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 13:16
"Инфекцияның келесі толқыны наурызда көбеюі мүмкін" - Алматының бас санитар дәрігері
Сайт әкімшілігі 14.01.2022, 11:49
Түркістанды ағын сумен қамтуда маңызды жобалар жүзеге асуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.01.2022, 18:14
Кәсіпкер блок - бекетте тұрғандарға жылы киім апарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 13:15
Қарағандылықтарды тұрмыстық газдың бағасы қинап тұр
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.01.2022, 10:15
Қарағандыда 43 адам қамауға алынды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.01.2022, 14:00
Кеншілер мен металлургтер Президентке үндеу жолдады

Аңдатпа


  • "Қазақстан халқына" қорына білім беру ұйымдары ақша аударуға міндеті емес
    17.01.2022, 14:00
  • Алматы трагедиясы: Бас прокуратура қылмысты толық аша ала ма?!
    14.01.2022, 08:54
  • Сағынтаев Алматыдағы бүлік кезінде қайда болды? (видео)
    13.01.2022, 09:30
  • Эпид ахуал күрделеніп барады. Бас санитардың қаулысы жарияланды
    14.01.2022, 08:39
  • Бүліктен бизнеске келген залал 100 миллиард теңгеден асты
    13.01.2022, 09:08