20.04.2021, 10:35
1640
Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыс істеген 30 жастағы азамат 19 сәуір күні әйелін пышақтап өлтірген.
Қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисеновтың хабарлауынша, оқиға Орда көшесі бойындағы МЖБК зауыты ауданында орын алыпты. Жәбірленушіге 18 пышақ жарақаты салынған. Ол тез арада қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады. «Сол күні аса ауыр қылмыс жасады, яғни адам өлтірді деген күдікпен 1991 жылы туған жігіт ұсталып, оған ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша аып тағылды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайын анықтаймыз», — деді Н.Бисенов.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Дүйсенғалиев «Қамауға алынған азамат бізде бұрын жұмыс істеді, қайғылыға жағдай болмастан бірнеше күн бұрын жұмыстан шығып кетті», — деп отыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР