«Қайсар» қаракөздерімізге қалады

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

03.11.2020, 04:28

2809

Әлеуметтік желіде «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов жайында жағымсыз жаңалық желдей есуде. Қазақ елінде, қазақы ортада жүріп мемлекеттік тілге осқырына қараған бапкердің бетпердесі сыпырылды.

Жуырда өткен «Каспий» мен «Қайсар» командаларының арасындағы ойынға көңілі толмаған «қайсарлық» қазақ футболшысы командаластарына ренішін ана тілінде жеткізген екен. Ал жаттықтырушыға оның қазақша айтқаны ұнамаған. Куәгерлердің айтуынша, Младенов ойыншыға көңіліне келер қатты сөздер айтып, әрі өзі бар жерде қазақша сөйлемеуді бұйырған. Бұл ойыншының намысын одан әрі жаныған. «Сен маған я ойнауға мүмкіндік бермейсің, енді келіп ана тілімде сөйлеуге тыйым салмақсың ба?» – депті футболшы.

«Қайсар» футбол клубының ресми сайты аталған дауға қатысты «бапкер мен ойыншы арасындағы қарым-қатынас ретке келді» деп мәлімдеме жасады. «Қайсар» мен «Каспий» кездесуінен кейін киім ауыстыратын бөлмеде бапкер мен ойыншы арасындағы түсініспеушілік жағдай орын алды. Бұл жағдай матчтан кейінгі эмоциядан туындағаны белгілі болды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін спортта мұндай сәттер жиі кездеседі. Қазір бапкер мен ойыншы арасындағы қарым-қатынас ретке келді. Бапкерлер қосыны мен футболшылар алдағы «Тобылмен» өтетін ойынға дайындығын пысықтауға көшті», – делінген хабарламада.

Сөйткен Младеновтың «Қайсардағы» келісімшарты қараша айының 15-інде бітеді. Одан бөлек, біраз келімсектің де келісімшарттары осы айда аяқталмақ. Яғни «Қайсар» футбол клубы бұл маусымды болгарлық бапкерсіз және легионерлерсіз аяқтауы мүмкін. Олай дейтініміз, пандемияға байланысты Қазақстан чемпионаты созылып, 2 желтоқсанда аяқталатын болды. Осыған орай, Младеновқа маусымды аяқтау туралы ұсыныс айтылса да, ол келісімшарттағы белгіленген уақыттан артық қалғысы келмейтінін айтыпты. Ойын күнтізбесі бойынша «Қайсар» 15 қарашадан кейін тағы төрт ойын өткізуі керек екен. Младеновқа осы екі аптада клубта қалу ұсынылған. Бірақ ол дегенінен қайтпай отырған көрінеді. Оның үстіне ойыншысымен төбелесуге дейін барған қақтығысы тездетіп кетуге итеріп отырғандай.

Миллиондап жалақы алатын бапкерден бөлек, енді шетелдік ойыншылардан да құтылатын боламыз. Олардың қатарында қорғаушы Иван Граф, жартылай қорғаушы Кларенс Битанг және шабуылшылар Александр Станисавлевич, Алвин Фортес, Режиналдо, Александар Колев және Элгуджа Лобжанидзе бар.

Осылайша «Қайсар» бойын бір тазартып алса, қазақы қаны тулаған футболшылары жергілікті команданы жоғары деңгейге жеткізеріне жанкүйерлері сенеді. Ал легионер сатып алуға келетін болсақ, оның қаржысын әкімдік әлдеқашан-ақ алып тастаған болатын.

Айта кетейік, бүгінде «Қайсар» 14 ойында 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 18:17
Қамбаштан бақ тайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2021, 08:42
Жетімдерді жетелеген жігіт
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2021, 07:57
Мүгедектер арбасына жол тар болып тұр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 11:37
Оралда мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06