Қарағандыда 43 адам қамауға алынды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

12.01.2022, 10:15

1578

Қарағандыда  қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Дегенмен,  төтенше жағдай кезінде тыйым салынған уақытты елең қылмайтындар азаймай тұр.

Тәртіпке бағынбайтындарды полиция заң аясында жазалауы заңдылық. Мәселен, облыста өткен тәулікте 13 қылмыстыстық фактінің беті ашылған. Бұл жайында облыстың коменданты Ерлан Файзуллин хабарлады.

Төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар,  құқық бұзушылыққа барған 9 кісіге айыппұл салып, 335 адамға ескерту жасалған. Полицейлер өткен түнде тиым салынған 21 затты тәркіледі. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, оның 13-і ұңғылы қару болған.

Есірткі заттарын сақтауға қатысты 6 оқиғаның да беті ашылды. Коменданттық сағат кезінде  полиция бөліміне 5 шетелдік азамат жеткізілді.

Таратып айтар болсақ,  біреуі төтенше жағдай режимін бұзғандықтан 10 тәулікке қамауға алынып,  көші-қон заңнамасынан ауытқыған екеуі жауапкершілікке тартылды. Олардың арасындағы екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылған.

Тегтер: лаңкес қауіп қатер терроризм соғыс қантөгіс мемлекет халық әлеумет қоғам пікір

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49