Қарағандыда "Кинолента" монументін орнатқандар жазалануы мүмкін

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

30.12.2020, 13:27

2426

Қарағанды қаласына күзде Назарбаев даңғылы мен Абай көшесінің қиылысына «Кинолента» монументі қойылған болатын.

Кино өнерінің құрметіне қойылған ескерткішті қарағандылықтар аса жылы қабылдай қоймады.  Тұрғындардың бір бөлігі бұл туындыны құптаса,  басым бөлігі «түсініксіз » ескерткішке қаражат шығындаудың қаншалықты қажет болды деп әлеуметтік желіде қызу талқылады.

Тіпті желі қолданушыларының кейбіреуі «металл  жинайтын жерге ұқсайды »  деп пайымдады. 

Тікелей эфир арқылы кетіп бара жатқан жылды қорытындылаған облыс әкіміне «Жас Алаш» сайтының тілшісі «Кинолента» ескерткішін орнатудың қаншалықты маңызы болды, бұл монументке 200 млн ақша шығындағанша, бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын ірі тұлғаларға ескерткіш қоюға болмады ма" деген сауал жолдады.

Облыс әкімі ескерткіштің тұлғасына қатысты жеке пікірін білдірмеді, бірақ қарағандылықтардың көзқарасы ескеріледі дегенді меңзеді. 

— «Кинолента» монументін тұрғындардың жартысы қолдаса,  жартысы қолдамайды.  Бұл монументке қаланың бюджетінен  200 млн теңге қаражат жұмсалды. Бұл мәселеге қатысты қосымша жұмыстар жасалады. Қажет болып жатса мен бұл ескерткішке қатысты қоғамдық тыңдалым өткіземін. Егер тұрғындарға ұнамай жатса, басқа шара қолданады. Қателік жіберген жауапты тұлғалар жазаланатын болады, — деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Еске салайық, «Жас Алаш» бұдан бұрын "Қомақты қаражат кеткен «кинолента» монументі қарағандылықтарды қуантпай тұрғанын" жазған болатын. 

Тегтер: кино монумент әкім бюджет

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 14:05
Маңғыстау тас жолында әскери ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді
Сайт әкімшілігі 09.04.2021, 12:55
Алматы облысында карантин күшейді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 09.04.2021, 11:44
Әйтеновтің «А» сценарийі
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09.04.2021, 09:03
Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
Сайт әкімшілігі 08.04.2021, 13:50
Нұр-Сұлтанның бас санитары Рамазан айы қарсаңында тұрғындарға үндеу жасады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 08.04.2021, 13:05
Бас санитарлық дәрігерді сотқа берді

Аңдатпа


  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03
  • Семейде 170 жаңа автобустың 70-і жүруге жарамай тұр
    08.04.2021, 09:08
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз? Досановтың романы: қайран тіл, қайран сөз
    06.04.2021, 09:16
  • «Көзіңді құртып жіберемін»
    05.04.2021, 16:19