Қомақты қаражат кеткен "кинолента" монументі қарағандылықтарды қуантпай тұр

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

19.12.2020, 13:14

1055

Қарағандының қақ ортасына «кинолента » ескерткіші қойылды.  Күні бүгінге дейін Қарағандылықтар не себепті киноның лентасын " әспеттеп" оған ескерткіш арнағанын түсінбей жүр. 

Абай көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысына күзде қойылған  «Кинолента » монументінің авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшес , суретші К.В Рынгач.

«Кинолента» монументінде жерден шығып тұрған ленталар сомдалған. Бұл монументті тендерді жеңіп алған Теміртаулық  «Механомонтаж- 2004» ЖШС орнатқан болатын.

Монументті сомдау үшін бюджеттен 187 млн 413 мың теңге бөлінген.Жақында қымбатқа түскен  «кинолента» ескерткішінің кеншілер қаласында орын тебу мәселесі қоғамдық кеңесте талқыланды.

 Қоғамдық кеңес мүшелері "қазіргідей пандемия  жағдайында мұндай ескерткішке қаражат шығындаудың қаншалықты қажеті болды" деген сауалды биліктегілерге жолдады. Алайда шенеуніктер бұл сауалға тұщымды жауап бере алмады. 

«Бұл жоба 2019 жылы жасалып, бекітіліп қойған. Монумент жобасы сол кезде сараптамадан өткен. Бюджеттік комиссия мақұлдаған соң біз бұл жобаны іске асырдық», — деп мәлімдеді Коммуналдық шаруашылық,  жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Әлібек Дүйсембеков.

Екі жүз млн теңгеге жуық қаражатты  «кинолента» мүсініне жұмсаған шенеуніктер «жоба  кезінде мақұлданған»  деп сырғыма жауап беріп құтылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11