Құс тұмауынан Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте 180 мың тауық қырылды

Сайт әкімшілігі

21.09.2020, 04:17

702

СҚО-дағы Бескөл құс фабрикасында тәулік ішінде мекиен тауықтардың жартысынан көбі құс тұмауынан қырылып қалды, — деп хабарлайды «Жас Алаш»  Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап. 

Фабрика мамандары жақын арада кәсіпорында тағы осындай жағдай болады деп болжап отыр. Құстың жаппай қырылуынан фабрика қызметкерлері жұмыссыз және табыссыз қалуы мүмкін.

«Бүгінде мекиен тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан аса құс қырылды, бұгін тағы 30-40 мыңға жететін шығар. Аналық қаздан тіпті қалмады деуге болады. Бірнеше тәулікте ондаған мың құс қырылды. Қалдықты өзіміз жойып жатырмыз: жер қазамыз, өртейміз, індет таралмауы үшін оны балшықпен жабамыз», — деді Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко кәсіпорынға ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева арнайы сапармен келген кезде.

Костенконың айтуынша, құс тұмауына қарсы жаппай вакцина жасатуға фабрика қаржылай дайын болмаған: қыркүйектің басында бар болғаны 15 мың аналық қазға вакцина салынған.«Солтүстік Қазақстанмен шекарадағы территорияда эпидемия жүріп жатқанын естігенде қалған вакцинаны аналық үйректерге саламыз деп шештік. Себебі мекиен тауықтарға жетпейтін еді. Бүгінде тек үйректер бар. Олар аман қалады деп үміттенеміз», — деп түсіндірді технолог.

Ол құс тұмауына қарсы мың доза вакцина орта есеппен 50 мың теңге болатынын айтты. Құс фабрикалары субсидия алмайтын болғандықтан, кәсіпорынның мұндай қымбат вакцина алуға қосымша ақшасы болмаған.

«Көктемде не боларын ойлаудың өзі қорқынышты, адамдар құссыз қалады. Қанша тауық қалса да, жою керек болады, себебі олар құс тұмауын тасымалдайды. Мүмкін аймақта құс фабрикаларының жұмысы тоқтап қалар. Үлкен трагедия келгенін түсініп отырмыз: құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, яғни 170 отбасы қыс алдында табыссыз қалуы мүмкін», — деді Татьяна Костенко.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр
Сайт әкімшілігі 20.10.2021, 19:38
Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31