«Шыдамымыз таусылып барады»

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

17.06.2021, 19:31

1586

Қарағандыда халық тұтынатын азық-түлік бағасы білімсіз қымбаттап барады. Жолымыз түсіп бүгін ел көп келетін «Норма» ірі сауда үйіне бардық. Тұтынушылардан ондағы баға бағамы жайлы сұрап білдік.

— «Сәбіз келісі жаздың басында 200 теңге болып еді, енді 500 теңгеге бір-ақ секірді. Бәрі қымбаттап жатыр. Шыдам таусылып барады»-деді Света есімді жұмыссыз әйел.

Шағын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін, өзін Женя деп таныстырған қала тұрғыны қымбаттаған азық-түліктерді тізбектеп айтып берді.

-Май мен қанттың құны құбылған. Үлкен қораптағы еттің наны мұнда 440 теңге екен. Нарқы бұдан әлдеқайда жоғары тұратын кішігірім азық-түлік дүкенде қазір ол 450 теңгеге сатылуда. Біраз күн бұрын барлық жерде қанттың 1 келісі 80 теңгеге саудаланса, енді 10 теңгеге көтерілді-дейді ол.

Жақында кеншілер шахарында дүкендердегі азық-түлік бағасын бақылайтын мониторинг тобы құрылған болатын. Оған көкөніс бағасының өсуі түрткі болды. Қазір облыс орталығында картоп 350 теңге, сәбіздің бағасы 520 теңге, қызылша 617 теңгеге сатылуда. Әр сауда нүктесінде баға әрқилы. Құны тұрақты емес.

-«Жаңадан келген көкөністер былтырғыдан қымбат тұратыны белгілі. Дегенмен, әлеуметтік қордағы өнім бағасы аспандап кетпеуі тиіс. Әлбетте, бізде баға тұрақтылығын сақтайтын қор бар. Қаладағы жиырмадан астам әлеуметтік павильондағы арзандатылған өнімдердің бағасының шектен тыс өспеуін қадағалаймыз. Оның ішінде, ірі сауда орталықтарында халыққа арзан бағадағы өнімдер ұсынылған. Кәсіпкерлермен де осы міндеттерді орындау жайында келісім жасалған»-деп мәлімдеді, журналистерге Қарағанды қалалық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Ирина Мусина.

Қалада қазір 23 әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көкөніс павильон бар. Мамандар аталған сауда орындарына тексеріс жүргізетінін жеткізді. «Бірақ, жұрттың бәрі сауда жасауға павильонға бармайтынын ескеру керек»- дейді Қарағандылық Айнаш Қанат.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15