Шымкент үздіктер қатарында аталды

М.СӘУЛЕБЕК

19.08.2021, 13:48

1089

Премьер-министр А.Мамин республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерімен селекторлық мәжіліс өткізіп, жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таразыланды.

Мәжілісте  Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім динамикасының бар екені баяндалды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», – деп атап өтті.

Оның ішінде биылғы қаңтар-шілде аралығында былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Шымкент қаласының  өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші – 104,8, ауыл шаруашылығы саласы – 103, құрылыс жұмыстары – 114,6,  пайдалануға берілген үйлер көлемі – 107,9, сауда саласы – 104,2, көлік саласы – 103, жеке инвестиция тарту көлемі 149,5 пайызға артқан.

Шымкент қаласының кен өндірісімен байланысты емес салалар бойынша инвестициялық белсенділігі 22,8 пайызға жеткен. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өндірісі, байланыс және ақпарат, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік салаларында оң даму көрсеткіштері қалыптасқан. Бұл бағытта үшінші мегаполис 3-орынға тұрақтаған.

Құрылыс саласында Шымкент қаласы үздік бестіктің қатарына енді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 14,6 пайызға өскен.

«Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде қалыптасқан оң динамика шаһар экономикасының тұрақты өркендеуіне негіз болып, даму жоспарында қамтылған міндеттерді табысты іске асыруға кепіл болмақ», – деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жағынан да көшбасшы өңірге айналған. Мегаполисте екі бірдей агро-индустриалды аймақ құрылуда. Оның бірі заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені болса, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы.

Қалада ашылып жатқан өнеркәсіптік жобалар да аз емес. Мәселен, жақында инвестициялық штабтың отырысында Шымкентте аяқкиім шығаратын кәсіпорынның жобасы таныстырылды.  Мегаполисте аяқкиім өндірісін «Тараз-INTERSERCO» серіктестігі қолға алып отыр. Ол үшін арнайы аймақтан бір гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны  400 миллион теңгені құрайды. Жылына 150 мың жұп  аяқкиім тігу жоспарланып отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады. Кәсіпорын іске қосылған кезде 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Штаб отырысында инвесторға жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру, мемлекеттік қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 15:00
Оралда көкөніс өсіру тиімді бизнес
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08:40
Әділхан ЖӨЛЕКЕШОВ: Оқушыларымыз карантиндік талапқа сай білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 18:23
Қарағандыда құрылыс басында қазалы жағдай орын алды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.09.2021, 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39