Шымкентте 30 медицина қызметкеріне өтемақы берілді

Сайт әкімшілігі

27.08.2020, 19:34

8

Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемемақы берілді. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті.

«Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС арқылы 2 миллион теңгеден өтемеақы берілді. Қалған мамандардың құжатын арнайы комиссия тексеру үстінде», — деді Т. Варзилов.

Айта кетейік, медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал маман коронавирустан көз жұмса, 10 миллион теңге бөлінеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:50
Суы мен жолы, мектебі мен емханасы жоқ Сабалақ
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 22.09.2020, 10:44
«Ең үздік жоба» жемқорлықты ауыздықтай алмады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 22.09.2020, 10:41
Тоқаевтың тапсырмасы неге орындалмады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 22.09.2020, 10:25
Арызын билікке жеткізе алмаған
Мариям МАҚСАТ 22.09.2020, 09:53
Келмеске кеткен «Кутузовты» көксегені несі?
Сайт әкімшілігі 21.09.2020, 17:48
Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27