Шымкентте университеттік аурухана салынады

Сайт әкімшілігі

29.09.2020, 06:33

89

Шымкентте 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана салынады. Нысанның құрылысы жеке инвестордың қаражатымен тұрғызылады.

Мұндай мәліметтер Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Шымкентке жасаған сапары барысында айтылды. Айта кетері, Түркістаннан кейін Шымкентке ат басын бұрған Елбасымен бірге жүрген топтың құрамында Үкімет жетекшісі Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жүрді. 

Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталықтар жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, сапар барысында «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі таныстырылды. Серіктестікте медициналық машиналар, өкпені жасанды жолмен тыныстандыратын аппараттар, пациенттерге арналған мониторлар, электрокардиография аппараты, зертханалық шкаф, функционалды кереуеттер және тағы басқа да құралдар шығарылады. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казмедприбор» ЖШС-і 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігі құрастырылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11